ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Ағылшын футболшылары өзге чемпионатқа барса неге ойнай алмай қалады?

Ағылшын футболшыларының ішінде алғашқы болып өзге елдің клубымен Чемпиондар лигасын жеңген футболшы Стив Макманаман еді. Ермұхамед Мәулен атақты ойыншымен бір стадионда футбол көрген екен.

Макманаман

Негізі Әлем чемпионатының тарихы жайлы түсірілген көптеген деректі фильмдер бар. Сосын олардан бөлек кәдімгі футбол ойыны жайлы, әлем чемпионатының қалай басталғаны туралы көркем фильмдер түсірілді. Жерар Депардье ойнайтын әлгі атақты кино бар емес пе? Уругвайдағы алғашқы чемпионат жайлы айтатын. Сонда киноның барысында ағылшындардың мына өзгелер ойнаған футболды менсінбегені айқын көрсетіледі. Ақсүйектер мұрын шүйіре қарап, өзге әлемнің футбол ойнағанын аса қатты қаламайды. Сосын, бұлар мандыта қоймас деп өздері бес мемлекет бөлек ойнайды. Ұлыбритания аралдары болып кубок өткізді. Міне, сол жарыс әлем чемпионаты деп те жазды олар. Кейіннен Англия құрамасы болып қатысып, бір екі рет байқаусызда ұтылып, сосын бар күшті жинап тұрып та ұтылғаннан кейін Тұманды Альбионның аяқдопшылары іске шындап кірісті. Сөйтіп барып тек 1966 жылы ғана Әлем чемпионы деген атақты алды. Одан кейін бұл мәртебе көзден бұлбұл ұшып келеді. Расымен тарихқа көз жүгіртсек Англия футболда содан бері ештеңе жеңбеген екен. Бірақ, бүгінгі футболда кім мықты? ағылшын лигасы мен Англияның футболшылары мықты. Алайда, құрама командалары ештеңе жеңбеген. Жалпы, Англия чемпионатында өнер көрсету зор мәртебе. Әлемнің кілең мықтылары осы күні сонда тер төгіп жатыр. Шеберлердің де ең мықтылары сол аралда жүр. Алайда, Англиядан өзге елдерде біріншіліктер бар емес пе? Ағылшын футболшысының өзге елде доп тепкенін көп көре бермейміз. Британ аралынан ары асып кеткен бірлі-жарымдары көп ұзамай елдеріне қайтады. Ал Англияда журналистер мен жанкүйерлердің ойынша сыртта жүріп сұлтан болған бір ғана футболшы бар. Ол – Стив Макманаман. Ол әдеттегідей «Эвертонға» жанкүйер болып, кейіннен «Ливерпуль» намысын қорғап кеткен көп ойыншының бірі еді. Ондайлар англия футбол тарихында жетіп артылады. Маңыздысы, «Ливерпульдің» даңқты ойыншыларының біріне айналды.

Стив

Алайда англияда «бұзық балалардың» қатарына кіріп кетті. Ішімдікпен ұсталып, сылаң қаққан сұлу бикештермен түнгі клубтың табанын тоздырып жүрді. Түбі, жағдай қиындай Стив шет елге бас сауғалады. Испанияның «Реалы» шақырып тұрғанда Макманаман еш ойланған жоқ. Оның үстіне «Ливерпульге» 10 жыл бойы үздіксіз тер төгіпті. Келісімі аяқталысымен ол «Реалға» ауысты. Және бұл трансферден «қызылдар» түк те пайда таппады. Бұл клуб басшылығын қатты қынжылтты. Ал Макманаманның кетер кезде беріп кеткен сұқбаты мерсисайдтық жанкүйерлердің ашуын көтерді. «10 жыл бойы «Ливерпульге» қызмет еттім. Өстім, өндім, жетілдім. Енді кішкене жоғарғы деңгейде ойнап, өзімді жаңа қырымнан ашқым келеді» деді. «Сонда «Ливерпуль» бұған төменгі деңгейдің клубы болған екен ғой. Су ішкен құдығыңа түкірме Стив» деген сыңайдағы жазбалар осыдан кейін бүкіл газет беттерінде, тіпті қала көшелерін жауып кетті. Тіпті осы оқиғадан кейін ол туған ағасымен де араласудан қалады. Стивке бұл трансфер майдай жағыпты. Зинедин Зидан мен Луиш Фигудың тасасында қалғанымен де ол «Реал» үшін маңызды футболшылардың біріне айналды. Өткізген 4 маусымының төртеуі бір-біріне ұқсамайтын ерекше жылдар болды. Алғашқы бір жыл өте нашар өтті. Ал 1999/2000 жылғы маусымда ол жасындай жарқылдады. Англияда артынан сөз айтып қалғандарға ол нағыз талант екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әшейінде Англиядан кеткен ағылшындық футболшылар басқа елде дұрыс доп тебе алмай масқара болатын. Ал Стив бұл жағымсыз дәстүрді бұзғандай көрінді. Испан лигасына тастай батып, судай сіңді. «Реал» сапында 2 бірдей Чемпиондар лигасын ұтуы оның есімін испан футболында да алтын әріппен жазып қалдырды.​

Стив

Менің де Макманаманды жазбай тануыма осы 2000-жылғы Чемпиондар лигасының финалы әсер етті. Ең алғаш рет теледидардан Чемпиондар лигасының финалын көрген кезім. Ауылдан қалаға қыдырып барған кез. Бір ағамның үйінде қонақта болғам. Ресейлік бір арна көрсетіп жатқан бұл ойынды тап жылмай тамашалады. Сол матчта Рауль гол соғып, есеп ашқаннан соң Макманаман аяқтарын алға қарай қайшылап жойқын соққы бағыттады. Әдемі, әрі маңызды гол болды. Бірақ, мен өз басым сол күні «Валенсияға» жақ едім. Амал жоқ «жарқанаттар» 3:0 есебімен жеңілді. Сол финалда екінші, маңызды әрі әдемі голды соққан Стив Макманаманды қазір көптеген адамдар тани бермейді. Әсіресе Оңтүстік Америкада. Белу-Оризонти қаласындағы «Минейрао» стадионының маңына жақындап қалдым. Қасымда режиссер Данияр Бекболатов бар. Шашы бұйра, жаңа туылған қозыдай жалтырап тұрған ұзын бойлы шикі сары бір кісі алдымызды орады. Түрі таныс, бірақ кім екені белгісіз. Үсті-басыңды түгел тінтіп тастайтын алғашқы турникетке келдік. Алдымызға түскен әлгі кісі ұзақ тексерілді. Тіпті осындай жағдайлардан әбден мезі болғаны байқалады. Бірінші терминалдан өтіп, екіншісіне жақындадық. Бұл жерде бір ғана тексеріс есігі бар екен. Мен ілтипатпен «өтіңіз» дедім. Қолмен ишарат еткенімді түсінсе керек, сәл жымиды да лып етіп шиқылдағыштан өте шықты. Бойынан ешқандай жарылғыш зат табылмағаннан кейін сөмкелерін иығына асына беріп, бейджигін мойнына ілді. Бұл бейджиксіз мына Бразилияда ешкім емессің. Аккредитация деген бір жапырақ қағаздың құдіреті зор. Кәнігі бойтұмардай сақтаймыз.​ Қасымдағы әріптесім Даниярға тіл қаттым. - Мынау баяғы Макманаманға ұқсайды екен. - Бұлар бәрі бір біріне ұқсайды. Ол емес. Ондай атақты футболшы қарапайым журналистермен бірге кезекте тұрып, терминалдан өтпейтін болар. - Ай қайдам, кеше мен Фифаның асханасында Жуниньо Пернамбукано мен Хуан-Себастьян Веронмен бірге тамақ іштім. Бір нанды бөлісіп жедік. Осы сөзден кейін камерасы мен шатативін арқалаған әріптесім жылдам стадионға асықты. Қаншама күндер бойы шаршағандықтың салдары шығар, одан әрі әңгімелесуге зауқы соқпады. Оны бірден түсіндім де әлгі бойы ұзын еуропалыққа жақындадым. Ішімнен «ух» дедім де батылдық жинап, жөн сұрастырдым.

- Кешіріңіз, сіз Стив Макманаман емессіз бе?

- Иә. Менмін.

- О тамаша, мен Сіздің Чемпиондар лигасындағы голыңызды көрдім.

- Керемет. Ризамын. Рахмет – деп Стив те ағынан жарылды.

Тұнжыраған түр-әлпеті жадырай кетті. Оны мына Бразилияда ешкім танымайды екен. Жалпы Бразилияда аты шықпаған футболшылар ешкім еместей көрінеді. Мысалы Макманаман Лондонның немесе Мадридтің көшелерінде жүрсе, оны бірден халық танып қояр еді. Ал мында Макманаман маң-маң басып жүр. Кеше ғана Рибейрао-Прето деген қалада таксимен келе жатқанымда таксис жігіт айтып еді. Мен танитын Бразилияда 3 футболшы ғана бар деп. Роналдо, Гаушу, Неймар. Гаушу дегені Роналдиньо. Мұнда оны солай атайды екен. Ал қалған футболшылар көптеген қарапайым спортшылар санатына жатады. Өйткені, бұл елде екінің бірі аяқдопшы. Мен Стивтің әлгі қайшылап тепкенін аяқ-қолмен шамалап келтіріп ұқсатып бердім. Ол одан әрі риза болып кетті. Ақ көңіл ағылшын футболшысы қазір телеарнада эксперт болып қызмет етеді екен. Содан естелік болсын деп бір шырт еткізіп, селфи жасадық.

Ермұхамед Мәулен

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте