ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

5 сағатқа созылған жиналыс, бапкерге төленген өтемақы. Сульшер «Манчестер Юнайтедтен» қалай кетті?

Оле Гуннар Сульшеренді «Манчестер Юнайтедтің» жаттықтырушысы емес. Клуб жанкүйерлері бұлжаңалықты көп күтті, бірақ тойлай алмады, себебі басшылық оның орнын басатынжөні дұрыс бапкер таба алмауда. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі норвегиялық маманныңкомандадан қалай кеткені жайлы және оның клубтағы статистикасы туралы сөзқозғамақ.

Сульшер

«Манчестер Юнайтед» турнирліккестеде 17-орынға табан тіреген клубтан оңбай жеңілді. Бұл бас бапкер ОлеГуннар Сульшерді жұмыстан шығаруға таптырмас себеп болды. Шындығында, бұлмәселе соңғы екі ай бойы талқыланып келді. «Манчестер Юнайтед» осы уақытаралығында 14 кездесу өткізіп, оның жартысында жеңілді. Чемпиондар лигасындағы«Аталанта» мен «Вильярреалға» қарсы матчтарда Криштиану Роналдудың көзсізбатырлығы мен сәттіліктің арқасында ғана оңтайлы нәтиже тіркеді. «Ливерпуль»мен «Манчестер Ситиден» ұтылды. Соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіліп, қақпасына15 гол енгізіп алды.

Оле Гуннар Сульшеркомандасымен бірге жанкүйерлерге жақындап, жеңіліс үшін кешірім сұрады, бірақжанкүйерлер бапкерге пысқырып та қараған жоқ. Әлеуметтік желілерде «бұл жолыбапкер міндетті түрде жұмыстан босатылады» деген қауесет тарады. Осы тұста«халық айтса, қалт айтпайды» деген мақал рас боп шықты.

МЮ

Ойыншылар да оның жұмыстан кететінін түсінгендей болды. Manchester Evening News порталы хабарлағандай, матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде кейбір ойыншылар мен қызметкерлер көз жасына ерік берген екен.

Дәл осы уақытта клуб басшылығы бейнеқоңырау арқылы «Манчестер Юнайтедтің» болашағын талқылап жатқан еді, Sky Sports басылымының хабарлауынша, олар бірден бапкерді жұмыстан шығару туралы шешімге келе алмаған. Алайда, бір-екі сағаттың ішінде «Юнайтедтің» басқарушы директоры Ричард Арнольдқа Оле Гуннармен келісім-шартты бұзу туралы бұйрық берілді.

21 қараша күнітаңертең Сульшердің отставкаға кетуін «Манчестер Юнайтедтің» қожайыны ДжоэлГлейзер мақұлдады. Ол Глейзерлер жанұясындағы алты ағайындының ішінде еңнегізгі адам болып саналады.

Сульшер

Осыдан кейін ресми ақпараттаржарық көрді: клуб ресми сайтында Сульшерге жасаған жұмысы үшін алғыс білдіретінхабарлады. Келісім-шарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды деген де ақпаратжарияланды, бірақ The Times порталы Оле Гуннарға өтемақы ретінде 7,5 миллионфунт стерлинг төленетінін мәлімдеді.

«Оле мәңгі МЮ аңызы болып қала береді және біз өкінішке орай, осындай қиын шешім қабылдадық. Соңғы апталардағы нәтиже көңіл көншітпесе де, бұл оның ұзақ мерзімге арналған жетістіктің негізін қалау үшін соңғы үш жылда жасаған барлық жұмыстарына көлеңке түсірмеуі керек. Оле клубтан кетіп барады, бірақ біз оның жаттықтырушы ретінде бар күшін салғанына шын жүректен ризамыз және оған болашақта бар жақсылықты тілейміз. Ол тек футболшы ретінде көптеген жетістіктерге жеткені үшін ғана емес, сонымен қатар бізге көптеген тамаша эмоциялар сыйлаған тамаша тұлға және бапкер болғандықтан оның есімі клуб тарихында алтын әріптермен жазылады. Оны «Манчестер Юнайтед» отбасының мүшесі ретінде «Олд Траффордта» әрқашан қуанышпен қарсы аламыз», - делінген клубтың хабарламасында.

Алдағы уақытта «МанчестерЮнайтедтің» бас бапкері міндетін Сульшердің көмекшісі және клубтың бұрынғыойыншысы Майкл Кэррик атқаратын болады. Дегенмен, «Манчестер Юнайтед» басшылығыклубпен осы маусымның соңына дейін жұмыс істейтін тәжірибелі жаттықтырушытабуды жоспарлап отыр.

Кэррик

Инсайдерлер «МанчестерЮнайтедтің» бас бапкері қызметіне басты үміткерлер ретінде Маурисио Почеттино,Брендан Роджерс, Хулен Лопетеги және Зинедин Зиданның қарастырылатынын жарысажазды. Осы төртеуінің ішінде тек Зидан ғана жұмыссыз жүр. Бірақ ол Англияғақоныс аудармайтынын ашық айтты. Ол ағылшын тілін білмегендіктен және әйелініңМанчестерде тұрғысы келмеуіне байланысты «қызыл сойқандардың» ұсынысынан бастартты.

Зидан

«Манчестер Юнайтед» осымаусымның соңына дейін ғана жұмыс істеп беретін бапкерлерді іздестіріпжатқандықтан, көбінесе бос жүрген жаттықтырушыларға көз тігеді. Қазіргі уақыттаЭрнесто Вальверде, Кике Сетьен, Фрэнк Лэмпард, Андреа Пирло, Люсьен Фавр,Йоахим Лёв, Франк де Бур, Дженнаро Гаттузо, Пауло Фонсека, Руди Гарсия, МаркХьюз, Андре Виллаш-Боаш, Доменико Тедеско секілді мамандар жұмыссыз жүр.

Дегенмен, қазіргіуақытта «Манчестер Юнайтед» мүлдем басқа нұсқаны қарастырып жатыр. Олар катарлық«Аль-Райянның» бас бапкері Лоран Бланды шақырғысы келеді.

Енді норвегиялықмаманның «Манчестер Юнайтедтегі» нәтижелерін сандармен қорытындылайық.

·Сульшер «Манчестер Юнайтедтің» бас бапері ретінде 1068күн жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен «қызыл сойқандар» 168 кездесу өткізген:92 жеңіс, 35 тең ойын және 41 жеңіліс.

·Оле Гуннар Сульшердің клубтағы жұмысы екі кезеңгебөлінді. Біріншісі – ол 99 күн бойы бас бапкердің міндетін атқарушы болып жұмысістеді. Екіншісі – толыққанды бас бапкер ретінде 969 күн бойы еңбек етті.

·Сульшердің кезінде манчестерлік клуб 323 гол соғып, 198гол жіберіп алды.

·Сульшердің «Манчестер Юнайтедтегі» ең ірі жеңісі – 9:0(2021 жылдың ақпанында «Саутгемптонға» қарсы). Ал ең ірі жеңіліс - 1:6 (2020жылдың қазанында «Тоттенхэмге» қарсы).

МЮ

·Норвегиялық маман «Манчестер Юнайтедке» трофей сыйлайалмады. Бір ғана нақты талпыныс болды. Команда өткен маусымда Еуропа лигасыныңфиналына дейін жетіп, «Вильярреалға» пенальти сериясында жол берді - 11:10.

·Сульшер клубтың жүлдесіз сериясын 4 жылға дейін ұзартты.Дәлірек айтқанда, 1638 күн.

·Оле Гуннардың басшылығымен «Манчестер Юнайтедтің» 16ойыншысы Премьер-лигада дебют жасады.

·Сульшердің кезінде «Манчестер Юнайтедте» ең көп ойнағанфутболшы - Маркус Рэшфорд. Ол барлық турнирлерде 135 кездесуге қатысқан.

Рэшфорд

·Норвегиялық тәлімгер «Манчестер Юнайтедпен» Премьер-лиганың127 ойынында 209 ұпай жинады. Бұл жалпы нәтиженің 54,85 пайызын құрайды.

·«Манчестер Юнайтед» өз алаңында қатарынан 15 ойында гол жіберіпалды. Клуб тарихындағы антирекорд 1958-1959 жылдар аралығында орнаған (21 ойын).

·Қазан айында «Ливерпуль» «Манчестер Юнайтедті» «ОлдТраффордта» 5:0 есебімен жеңді. Манкуниандық клуб Премьер-лигадағы ойынныңбірінші таймында алғаш рет 4 гол жіберіп алды.

·Сульшердің кезінде «Манчестер Юнайтед» трансферлерге458,6 миллион еуро жұмсады. Осы уақыт ішінде Премьер-лиганың бірде-бір клубы мұншалықтыкөп ақша жұмсамаған. Ең қымбат трансфер ретінде Гарри Магуайр (87 миллион еуро)тіркелді.

Магуайр

·«Манчестер Юнайтед» өз ойыншыларын сату арқылы 138миллион еуро пайда көрді. Ең қымбат трансфері - Ромелу Лукаку (74 миллионеуро).

·Сульшердің жетекшілігімен «Манчестер Юнайтед»Премьер-лига аясында өз алаңындағы ойындарында жіберіп алған голдар саныбойынша антирекорд орнатты. Клуб өткен маусымда 27 гол өткізіп алды.

·Оле Гуннар Сульшер Алекс Фергюсон кеткеннен кейінгі «МанчестерЮнайтедті» баптаған бесінші жаттықтырушы болды: Дэвид Мойес, Райан Гиггз, Луиван Гал, Жозе Моуриньо және Сульшер.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте