ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

21 жасында спорттық карьерасын аяқтаған Элизабет Тұрсынбаева елдің есінде несімен қалды?

Мәнерлеп сырғанаудан 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева спорттық карьерасын аяқтағанын хабарлады. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі небәрі 21 жасында мансабын аяқтаған Тұрсынбаева несімен елдің есінде қалды деген сұраққа жауап іздеп көрген болатын.

Тұрсынбаева

Карьерасын аяқтауға жарақаты себеп болған

«Біраз жылдан бері арқамның ауыратынын көпшілігіңіз жақсы білесіздер. Өкінішке қарай бұл жарақат толыққанды жаттығу жасауыма кедергісін келтіріп жүр. Спорттағы мәнсабымның аяқталғанымен, өмірімде жаңа кезең басталатын болады. Қазіргі уақытта Қазақстандамын. Жылдың соңына дейін осында боламын. Осы уақыт аралығында балаларға көмектесемін, жігерлендіремін және өз тәжірибеммен бөлісемін. Әрдайым өз отанымдағы мәнерлеп сырғанау спортын дамытуға үлес қосқым келетін. Сондай мүмкіндік қазір туып тұр», – дейді Элизабет Тұрсынбаева.

Есімін «Клеопатра» фильміндегі актрисаның құрметіне қойған

Әкесі Байтақ Тұрсынбаев – Қызылорда облысында дүниеге келген, мамандығы заңгер. Анасы – Падишахан Сұлтаналиева, Қырызғыстанның Ақсы ауданында өмір есігін ашқан. Кәсіпкерлікпен айналысқан Тұрсынбаев 90-жылдардың аяғында Сыр өңірінен Ресей астанасына қоныс аударады.

Элизабеттің есімін анасы қойған. Падишахан перзентханада жатқанда атақты америкалық актриса Элизабет Тейлор ойнаған «Клеопатра» фильмін көріп, соның әсерімен қызына Элизабет деген есімді таңдайды.

Элизабет ата-анасымен

Элизабеттің өзі Мәскеуде туғанымен, бала кезінде ауылдағы ата-әжесінің тәрбиесінде болып, қазақы тәрибе алған. Дегенмен, көп ауыра берген соң, ата-анасына қайтарып береді. Әкесі, алғаш рет Мәскеудегі мәнерлеп сырғанаушыларды дайындайтын Ирина Страхова есімді бапкерге апарғанда, «орыс тілін түсінбейді» деп алмай да қойған көрінеді. Ал қазір керсінше қазақ тілінде сөйлемек тұрмақ, түсінбейтінін де айтып жүр.

Ирина Страхова алғашында қырсыққанымен, үшінші рет барғанда өз тобына қабылдаған. Сөйтіп, Тұрсынбаеваның мәнерлеп сырғанаудағы өмірі басталды. Одан кейін Сочи олимпиадасының чемпионы Аделина Сотникованың жаттықтырушысы Елена Водорезовадан, ал 2012-2013 жылдары тағы бір ресейлік Этери Тутберидзеден, 2013-2018 жылы әлемге танымал канадалық бапкер Брайан Орсерден тәлім алды. 2019 жылы қайтадан Тутберидзеге оралды.

Тұрсынбаевтар отбасында Элизабеттен бұрын, ағасы Тимур мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Ол Қазақстан чемпионаты мен спартакиадасында жеңіске жеткен. Мәскеудегі бірнеше турнирде топ жарғаны бар. Бірақ Францияда өткен кезекті бір жарыстан кейін денсаулығы сыр беріп, спортпенқоштасуға мәжбүр болған. Әйтпесе, ата-анасы Элизабеттен бұрын Тимур қатты үміт артқан екен.

Қай елдің атынан шығатыны ұзақ талқыланған

Элизабеттің қай елдің атынан өнер көрсететіні біраз уақытқа дейін күрделі мәселе болған. Алғашында Ресейдің атынан жасөспірімдер арасындағы жарыстарға қатысып жүрген. Кейіннен ол спорттық азаматтығын ауыстырып, Қазақстанның намысын қорғауды шешті. Оған әкесінің жұмысының Қазақстанға ауысуы да себеп болды. Сондай-ақ елдегі басшылардың қолдауы да өз септігін тигізді. Әсіресе, бұрынғы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жеке өзі қадағалауына алып, спортшыға барлық қолдауды көрсетіп отырды.

Тұрсынбаева

Тутберидзенің көзі түскен кез

Талай таланттардың томағасын сыпырған ресейлік мәнерлеп сырғанау спортының маманы Этери Тутберидзе қазақ қызына қалай назар аударды?

Элизабет халықаралық жарысқа ең алғаш 11 жасында қатысқан. Ол жасөспірімдер арасындағы NRW Trophy турнирінде үшінші орын алады. Арада екі жыл өткенде Мәскеу қаласының чемпионы атанады. Сол кезде оған Этери Тутберидзе назар аударыпты. Юлия Липиницкая, Алина Загитова секілді Олимпиада чемпиондарын, Евгений Медведева сияқты әлем чемпионатын тәрбиелеген бапкер бірден қол астына алады. Бірақ кейіннен Тутберидзеден кетуге тура келеді. Өйткен Тұрсынбаева Қазақстан намысын қорғайтын болғандықтан ол жаттықтыра алмайтынын жеткізеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, отандасымыз бес жыл бойы канадалық бапкер Брайан Орсерден тәлім алды. Ал кейін қайтадан Тутберидзеге оралды.

Элизабет Тутберидземен

«Халықаралық аренадағы ең алғашқы жарысыма 2011 жылы қатыстым. Содан бері 10 жыл өтіпті. 50-ден астам әлемдік деңгейдегі бәсекелерде өнер көрсеттім. Оның ішінде қысқы Азия ойындары, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада, қысқы Универсиада төрт құрлықтың чемпионаты, әлем біріншілігі, Олимпиада және басқа да халықаралық турнирлер бар. Осы жарыстардан әр түрлі деңгейде 39 медаль жеңіп алдым», – дейді Элизабет Тұрсынбаева.

«Төрт құрлықты» тамсандырған жыл

Отандасымыз ересектер арасындағы халықаралық жарыстарға ең алғаш 2015 жылы қатысты. Ал келесі жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада қола медальға ие болды. Ал әлем чемпионатында топ-12 спортшының қатарына енді. Екі жылдан кейін Саппорода (Жапония) өткен Азия ойындарында үшінші орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында үздік ондықтың қатарына қосылды. Соның арқасында Қазақстан Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алды.

Элизабеттің спорттық карьерасындағы ең сәтті кезең 2019 жыл десек, қателеспейтін шығармыз. Алдымен, наурыз айында Сайтамада (Жапония) өткен әлем чемпионатында күміс медальға қол жеткізді. Осы чемпионаттың негізгі бағдарламасында қазақстандық төрт айналым сальхов (4S) элементін секірді. Сөйтіп, төрт айналым элемент секірген алғашқы әйел мәнерлеп сырғанаушы ретінде тарихқа енді. Бұған дейін мәнерлеп сырғанау тарихында 16 жастан асқан әйелдер арасында ешкім төрт айналым элемент секіріп көрмеген.

Элизабет күміс жүлдемен

«Төрттік сальховты орындау үшін көптен бері дайындалып жүргенмін. Тек бұған дейін ойымдағыны жүзеге асыруға батылдық жетіспей жүрді. Маңызды сындарда оны орындау мүмкін еместей көрінетін. Бапкерлерім жаттығудағыны жарыста да қайталауым керектігін айтты. Ол көп еңбекті талап етті. Алғашқы екі турнирде жолым болмаса, тек үшінші – әлем біріншілігінде ойымдағыдай орындап шықтым», – деді Элизабет сол кезде.

Одан кейін АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен «Төрт құрлық чемпионатында» күміс жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз қысқа бағдарламадан кейін алтыншы орында тұрған. Дегенмен, еркін бағдарламада еркін көсіліп, 139.37 ұпай жинады. Сөйтіп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.

Айтпақшы, Тұрсынбаева осы жарыста төрт айналымды сальховты орындауға талпынып көрді. Егер ол жаттығуды орындап шыққанда, «Төрт құрлық чемпионатында» таза орындаған алғашқы спортшы қыз атанар еді. Бірақ жерлесіміз құлап қалды.

Дегенмен, Элизабет осы жаттығуды орындауға талпынған әлемдегі бар-жоғы үшінші мәнерлеп сырғанаушы. Алғашқысы, француз қызы Сурия Бонали болатын. Ол 1989 жылғы әлем чемпионатында тырысып көрген болатын. Одан кейін 2001 жылы америкалық Саша Коэн де талпынды.

16 жылға созылған карьера аяқталды

Элизабет нәбәрі 21 жасында спортпен қоштасып отыр. Бес жасында мұз айдынға шынашақтай қыздың карьерасы 16 жылға жалғасыпты.

«Үлкен спортта 16  жыл... Осы жылдары бәрі болды. Алғашқы жеңіс, үмітсіздік пен жарақат. Бір анығы бұл кезеңде менің қымбатты жанкүйерлерім, әрқашан қасымнан табылды. Сіздердің тілектеріңіз бен шынайы қолдауларыңыз мені шабыттандырды. Өзімнің халқыма қажет екенімді сездім және бұл маған үлкен күш берді. Сіздердің маған және болашаққа деген сенімдеріңіз әр түрлі салада жаңа белестерді бағындыруға көмектеседі», ­– дейді мәнерлеп сырғанаушы.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте