ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

1996 жылы топ жарған жігерлі ұжым. Құрбан Бердыев құрып, Ваит Талгаев дамытқан «Тараз»

Meta-ratings.kz тілшісі Мұхамедқали Көбеев 1996 жылы талайды тамсандырып, ел чемпионатында топ жарған «Таразды» еске алып, қазіргі «Тараздың» жағдайына да көз жүгіртіп көрді.

«Тараз»

1996 жылдың 31 қазаны «Тараз» өз аланыңда «Елім-айды» қабылдайды. «Орталық» стадион лық толы, ине шаншар жер жоқ. Көптен күткен ойын да басталды. Бразилиялық футболшыларды Қазақстанға бірінші болып алып келген семейлік команда Олег Воскобойников қорғаған қақпадан саңылау таппады. Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. Алаң ортасынан пас қабылдаған Азамат Ниязымбетов қарсылас қақпашысының есеңгіреп тұрғанын көріп, допты шиіре тебе салады. Ауада қалқып бара жатқан теңбіл доп бір уақытта төмен қарай құлдилай қақпаның тоғыздығына топ етіп, «Тараз» жеңіске жетті.

Ваит Талғаевтың шәкірттерін шешуші ойында «Фосфор» күтіп тұрды. Семейлік ұжым жеңісті жайдан-жай беріп қойғысы келмеді. Тартысқа толы ойын «Тараз» футболшылары біраз тер төгуге мәжбүрледі. Әсіресе, қақпадағы Воскобойников тыным таппады. Кезек-кезек дарыған соққыларды сәтті тойтарған қақпашы командасына үлкен үміт сыйлады. Ақырында, сәттілік жолдас болды ма, «Тараз» жеңісті жұлып әкетті. Жамбылдық команда ресми түрде футболдан Қазақстан чемпионатының 1996 жылғы жеңімпазы деп бекітілді. «Тараздың» мұндай жетістікке жететініне сенбеген сол кездегі сарапшылардың қатты қателескенін айта кеткен жөн. Олар маусым басынан бастап, соныңа дейін «Ертіс» пен «Елім-айдың» жалауын желбіретіп келді.

Ал 1996 жылғы Қазақстанның үздік ойыншысы болып қақпашы Олег Воскобойников танылды. Ол: «Командам болмаса бұл мәртебеге ие болмас едім», – деп тілге тиек етті. Қақпашының сөзіне келіспеске болмайды. Команда жалғыз ойыншыдан құралмайды. «Тараздың» чемпион болуы, Воскобойниковтің үздік атануы, тікелей команданың ерен еңбегінің нәтижесі. Бұл жерде тек қана қақпашыны ғана емес, басқа да белді ойыншыларды еске түсіріп өткеніміз абзал. Сұрмергендер Нұркен Мәзбаев пен Азамат Ниязымбетов шабуыл шебінің қасқырлары еді. Құрбан Бердыевтің ықпалымен командаға келген маэстро Ғани Қайназаровтың допты ұстау техникасының өзі қандай тамаша еді. Сергей Тагиев пен Сергей Калабухиннің сол кездегі ойны көпті өзіне баурағаны анық. Вальтер Валерий, атақты бапкер Дмитрий Огай жата-жастана қорғанушы еді ғой. Зымырап жатқан уақыттың еншісі сол бір «Таразды» қайтармайтыны өкінішті. 90 жылдары қаржыдан тапшылық көрмеген «Ертісті» еңіретіп, легионерлерімен ойқастаған «Елім-айды» есеңгіретіп жеңген жамбылдық ұжым жанкүйерлердің мәңгі есінде.

«Тараз»

1996 жылғы «Тараздың» чемпиондық құрамында өнер көрсеткен Нұркен Мәзбаев «көк-ақтарға» қайта оралды. Ойыншы ретінде емес, әрине. Жамбылдық команданың басшылығы Нұркен Мәзбаевты бапкер болуға шақырыпты. Ұсынысты қабыл алған Қалдыбекұлы уақытты созбай, іске кірісті. Жаңа бапкерді жанкүйерлерге ресми таныстыратын баспасөз мәслихатында Мазбаев былай деді: «Ойлайтынымыз тек футбол ғана болмақ. Жақын арада клуб ойыншыларымен жекелей сөйлесіп, пікірлері мен ұсыныстарын тындап шығамын. Алға қойған мақсаттарымыз бір екеніне сенімдімін».

Нұркен Мәзбаев «Тараздың» бапкері атанды деп ақпарат тарағаны сол еді, жазбаның астына жиналған жылы лебізді пікірлерде шек болмады. Бірі маманның жұмысына сәттілік тілеп жатса, бірі «Тараздың» талантты жастары бапкерден қолдау табатын болды-ау» деп қуанып жатты. Жанкүйер сөзінің жаны бар екен «көк-ақтардың» жаңа маусымдағы құрамының тең жартысы жергілікті футболшылармен жасақталған. Легионер футболшылар саусақпен санарлық. Соңғы трансферлік ауысымда гаитийлік Алекс Жуниор командаға келіп қосылды. Оның өзі оңтүстік ордаға жетісімен қазақша сайрап кетіпті. Осылайша Премьер-лиганың ең қазақи командасы шет елдік футболшыларды да қазақыландырып жатыр.

«Тараз»

Басшылық жаңарып, «Тараз» жандана түсті. Әлеуметтік желілердегі команданың ресми аккаунтары сапалы түрде контент таратуды меңгерді. YouTube желісінде қолға алған Әулиеата ұжымы клуб өмірінен сыр шертер бейнематериалдар жүктеп, жанкүйерлерін қуантуда. Сырт көзбен қарасаң, клуб қаржылық тоқырауға ұшырады деп айта алмайсың.

Естеріңізде болса, өткен жылы жамбылдық ұжымның намысын қорғап келген футболшылар «тиісті жалақымызды ала-алмай сандалып жүрміз», деп шағымданып еді. Ол кезде «Тараздың» директоры Талғат Тұрлыбайлы болатын. Жұмысын тиянақты түрде атқармаған бұрынғы директор көп ұзамай қызметінен босатылды. Оның орнына Жандос Ахметов тағайындалды. Команданы қиын жағдайда басқару футболшы Елдос Ахметовтың туған ағасына қиынға соғары анық. Құр демеушілердің ақшасымен бір жыртық та жамалмайтынын түсінген экс-футболшы, облыс әкімімен серіктес болуды жөн көреді. Бердібек Сапарбаевпен кездесу өткізген Жандос Ахметов әкімнің қарсылығына тап болмады. Осылайша «Тараз» облыс әкімінің қолдауының арқасында, осы уақытқа дейін жиналған қарыздарынан құтылып жатыр.

Қорытындыласақ, клубқа жаны ашымаған мырзагерлер команданы іштей тонап, қарындарын қампайтып жатты. Жалған есеп беру арқылы жанкүйерлердің көзін бояп бітті. Соңында өтіріктерінің арты ашылып, клубтың алдында абыройын жоғалтты. Ендігі басшылықты мезгілсіз сынап та, мақтап та айта алмаймыз. Оны уақыт пен атқарылған жұмыс нәтижесі көрсетеді.

Мұхамедқали Көбеев

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте