ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«14 жылда 10 рет...» «Арсеналдағы» капитандар неге ұзақ тұрақтамайды?

Лондондық «Арсенал» клубы капитанға жарымай-ақ қойды. Статистикаға қарасақ, соңғы он төрт жылда бұл міндетті он адам орындаған екен. Бұл команданың капитаны болу мансабыңа қаншалықты әсер етеді? Meta-ratings.kz тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрді.

Обамеянг және Джака

2019жылдың қарашасында Гранит Джаканыңшектен шығуына байланыстыПьер-ЭмерикОбамеянг «Арсенал» клубының капитаны атанды. Ол бұл міндетін екі маусым толық атқарды.«Арсеналға» енді ғана дені дұрыскапитан келгендей көрініп еді, жақында ғанаОбамеянгбұл мәртебесіненайырылды. Габондық шабуылшы анасына бару үшін Францияға кетіп,уәде етілген кезде келмеген.Артета Обамеянгты екіматчтан шеттетіп, капитандық мәртебесін алып тастады. Қазір шабуылшы командаданбөлекжаттығуда.

Бұл «Арсенал» клубында капитанға қатысты болып жатқан алғашқы жағдай емес. Уильям Галластанбастап Обамеянгқа дейінгі ойыншылар бұл міндетті дұрыс орындай алмады.

Ұзақуақыт бойы Арсен Венгер капитан таңдауда қиындық көрмеді. Тони Адамстың мансабы аяқталғаннан кейінПатрик Виейра капитандық белгініөз қолына алды. Одан кейін бұл міндет Тьерри Анриге жүктелді. Бірақ 2006/2007 жылғы маусымның соңында Анри «Барселонаға» кетіп, келесі капитан кім болады деген сұрақ туындады. Олкезде жасы 25-тен асқан тәжірибелі ойыншылардың қатарында Александр Глеб, ТомашРосицки, Коло Туре, ВильямГаллас, Мануэль Альмуния және Йенс Леманнболды.

Дәл осы сәтте күтпеген жерден Венгер таңдауды «Арсеналда» тек екінші маусымын өткізіп жатқан Галластың пайдасына жасады. Бұл шешімге командадағы ойыншылардың бәрі таң қалды.Йенс Леманн бұл туралы өзінің кітабында: «Мен бұл жаңалықты оқығанда басымдышайқадым. Өйткені, өткен маусымда Галлас жаттығуларға үнемі кешігіп келетінжәне жаттығудан мерзімінен бұрын кетіп қалатын», - деп жазды.

Галласты капитан етіп тағайындау арқылы Венгер оныңжауапкершілік қабілетін арттыруға тырысты. Бір қызығы, «Арсеналға» ауысқаннанкейін Галлас Деннис Бергкампқа тиесілі болған 10-шы нөмірді иеленді. Вильям өтемінезді ойыншы болатын. Ол «Челсиден» кету үшін клуб басшылығын өз қақпасынагол соғамын деп қорқытты. Арсен Венгер де капитан міндетіне осындай ойыншынықоюды жөн көрді.

2008 жылдың ақпанында «Бирмингемге» қарсы матч «Арсенал»үшін сәтсіз өтті. Эдуардоның аяғы сынғандықтан, «Арсенал» ойыншылары есеңгіреп,қақпасына гол жіберіп алды. Тео Уолкотттың дублі оларды ойынға қайтарғандайболып еді, соңғы минутта Гаэль Клиши өз айып алаңында тәртіп бұзып, қарсыластыңпенальтиден гол соғуына мүмкіндік жасады. Бұл Галластың ашуын тудырды - ол алаңжиегіндегі жарнамалық қорғандарды теуіп, қателігі үшін Клишиді итеріп жіберді. «Бирмингем»гол соқты, ал «Арсенал» жеңісті уысынан шығарып алды, Галлас алаң ортасында отырып,тұрудан бас тартты. Тек Венгер ғана оны алып кете алды.

Уильям Галлас

2008 жылдың қарашасында футболшы өзінің командаластарытуралы жағымсыз пікірлер айтты. Төзімі таусылған Венгер бұған шыдай алмайГалласты капитандық мәртебесінен айырды.

Фабрегас «Арсенал» сапындағы дебютін 17 жасында жасады.Ол клуб бірте-бірте лигадағы күшін жоғалтып жатқан кезде командаға қосылды. «Арсенал»сол кездегі соңғы титулын 2003/2004 жылғы маусымда жеңіп алды. 2005 жылы клубФабрегаспен бірге Англия кубогіне қол жеткізді. Тәжірибелі Леманн, Юнгберг,Виейра және Бергкамппен қатар жас Сеск, ван Перси, Рейес секілді ойыншылар өнеркөрсетті. Венгер буын алмасу процессін ауыртпалықсыз жасағысы келген. Бірақнәтиже болмады.

СескАнри кеткеннен кейін «Арсеналдың» жаңа көшбасшысына айналды. 304 матчта 57 гол соғып, 96нәтижелі пас берді, бірақ кубоктан басқа ол тек бір ғана жүлдені, яғни Англия суперкубогін жеңіп алды. 2007/2008 жылғы маусымда Сеск Премьер-лигада 20 нәтижелі пас берді, дәл сол кезде «Арсеналды»Фабрегассыз елестету мүмкін бомады. Ал Галластың сатқындығынан кейін Венгер капитандық белгіні 21 жасар Фабрегасқа сеніп тапсырды.

Сеск Фабрегас

Сеск Галлас секілді қызуқанды ойыншы емес еді, ол текнәтижелі пас берумен айналысты. Бірақ «Арсенал» трофей жеңе алмады, бұлФабрегасты қатты ренжітті. Осыдан кейін, испаниялық футболшыға «Барселонадан» ұсыныстүсті. Сеск мұны қабыл алып, 2011 жылдың жазында үйіне оралды. Осылайша, «Арсенал»тағы да капитанынан айырылды.

Робин ван Перси «Арсеналға» Тьерри Анриден кейін клубтыңбірінші нөмірлі шабуылшысы болу үшін келді. Голландиялық футболшы уақыт өтекеле жоғары деңгейде ойнай бастады. Бірақ Фабрегас секілді трофей жеңе алмады. Сескпенбірге 2011 жылдың жазында Самир Насри де «Арсеналдан» «Манчестер Ситиге» ауысты.Жыл сайын Арсен Венгер «Арсеналдағы» маңызды ойыншылардан айырыла бастады.Олардың барлығы «Арсеналдың» кубок жеңе алатынына күмәнмен қарап, жан-жаққа кетті.Ал команда капитаны ван Перси «Манчестер Юнайтедке» ауысу туралы шешімқабылдады. Ол 2012/2013 жылғы маусымда «Арсеналға» екі гол соқты. Бір қызығы, голландиялықшабуылшы бірінші кездесудегі голын тойламаса, екінші матчта эмоциясын жасыраалмады.

Робин ван Перси

Робинван Персиден кейін капитандық міндетТомас Вермаленге өтті. Орталық қорғаушы көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп,тұрақты түрде ойнады:2011/2012 жылғымаусымда 40 кездесу өткізді. Келесімаусымда капитан атанып, 39 матчта төбе көрсетті.

2013/2014 жылғы маусымда Вермаленжарақаттан көз ашпады. Небәрі 21 матч өткізді, ал Венгер Вермаленге мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, Мертезакер мен Косельниді вице-капитан етіп тағайындады.

Томас Вермален

Түрлі жарақаттарға қарамастан, Вермален топ-клубтардың назарына ілікті. Бельгиялық қорғаушы 2014 жылы «Барселонаға» ауысты. Бірақ келесі маусымда Томас каталониялық клуб үшін бір ғана матчқа қатысты.

Капитандық мәртебе Микель Артетаның мансабынақалай әсер етті? Артета «Арсеналға» 2011 жылдың жазында келіп, алғашқы маусымында 29 матчқа қатысты. Келесі екі маусым да испаниялық футболшы үшінсәтті өтті. Вермален кеткеннен кейін Венгер капитандық міндетті сол кезде 32жаста болған Артетаға берді. Тәжірибе (Премьер-лигада 11 маусым), тұрақтылық,көшбасшылық қасиеттер – мұның бәрі испаниялықтың бойында бар еді.

Микель Артета

Бірақ капитандық мәртебенің тағы да «Арсенал» ойыншысынжарақаттайтынын кім білген. 2014/2015 жылғы маусымда Артета бар болғаны жетіматч өткізді. Ол келесі маусымда футболға қайта оралуға тырысты, бірақ тоғызғана матч өткізіп, мансабын аяқтады.

Пер Мертезакер Арсен Венгердің ойын жүйесінде басты рөлатқарды. Артетадан кейін капитан атанған Пер көп ұзамай жамбас буынынан жарақаталып, Еуро-2016-ға қатыса алмады.

Пер Мертезакер

Мертезакердің проблемалары мұнымен аяқталмады - 2016жылдың жазында ол тізе жарақатын алып, алаңға 2017 жылдың қаңтарында бір-ақоралды. Осыдан кейін Мертезакер жарақаттан көз ашпай кетті. Нәтижесінде, өзінкөп қинамай, мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

2018жылдың жазында Унаи Эмери Арсен Венгердің орнын басып, Лоран Косьельниді капитан етіп тағайындады. 2018 жылдың көктемінде Косельни ауыр жарақат алды, бірақ бұл оны жаңа капитан етіпбекіткен Эмериге кедергі болмады.

Лоран Косьельни

Келесі маусымның басында Лоран командамен бірге ОЖЖ-ғабарудан бас тартты. Косельни дәл сол мезетте клубпен келісім-шартын екі жылғаұзартқысы келді, бірақ «канонирлер» ұсыныс жасамады. 2019 жылдың жазында Лоран «Бордоға»кетті.

Қыркүйектің аяғында капитан болып тағайындалған Джакақарашаның басында бұл мәртебесінен айырылды. «Кристал Пэласпен» болған матчтажанкүйерлер швейцариялық футболшыны қошеметпен емес, ысқырықпен шығарып салды.Джака бұған жауап ретінде жанкүйерлерді балағаттап, капитанның белгісін жергетастап, жейдесін лақтырып жіберді.

Гранит Джака

Осыдан кейін Эмериде капитандыққ міндетті Обамеянгқаберуден басқа амал қалмады. Трендті жалғастырған габондық шабуылшы жағымсызоқиғаға тап болды, ал Ляказетт Артета сенім артатын команда капитаны болыптағайындалды. Енді француз футболшысының мансабында қандай өзгерістер боладыекен?

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте