«Ұлтық құрамада ойнауға қарсы емес». Әліп – «Зениттегі» Қазақстанның тумасы мен ресейлік клубтағы өмірі жайлы

Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп YouTube-тағы «ВестиСпорта» арнасына берген сұхбатында «Зениттегі» өмірі, қызықтары жайлы айтыпберді.

Нұралы Әліп

— Қазақстан құрамасының алдағыойындарынан не күтесіз?

— Ассалаумағалейкум! Ұлттық құрамаға келгеніме өтеқуаныштымын. Ресейде жүргенде елімді сағындым. Басты мақсат – алдағы төртойында да жақсы нәтиже көрсету.

— Ұлттық құрамаға жаңа бапкеркелді. Жаттығу жұмыстары қалай өтіп жатыр және командадағы атмосфера қандай?

— Мен ол кісіні «Шахтерда» жұмыс істеп жүрген кезінен білемін. «Зенитте» дебұл бапкермен бірге жұмыс істеген ойыншылар бар. Олар Адиевтің адам ретінде де,бапкер ретінде жақсы екенін айтты. Бұған дейін Ақтауға барып келдім. Үйде асболған еді, бас бапкер түсінушілікпен қарап, үш күнге жаттығудан босатты. Бұлүшін ол кісіге үлкен рахмет айтамын. Қазір ұлттық құрамамен бірге алдағыойындарға дайындалудамын.

— «Қайратта» Тимощукпен бірге ойнағанжоқсыз. Сіз оның есінде бар ма екенсіз?

— Тимощук «Зенитке» алғаш барған кезде мені күтіп алды. «Бірдеңе керекболса, менен сұра» деп қолдау көрсетті. Ол кісі кезінде «Қайратта» ойнады,қазір де алматылық клубтың матчтарын тамашалайды. Премьер-лиганың біріншітурындағы «Ақтөбе» мен «Қайрат» (0:2) арасындағы ойынды бірге көрдік.

Әліп және Тимощук

— Ол кісі Сіздің «Зенитке»ауысқаныңызды қолдады ма?

— Әрине, қолдады. Біз жақсы қарым-қатынастамыз. Арасында қалжыңдасыпқоямыз. Ол – өте жақсы адам.

— Бақтиер Зайнутдинов ДмитрийЧистяковтан «Зенитте» Сізге көмектесуін сұраған екен. Бұл рас па?

— Алғаш келгенімде ойыншылардан тек Чистяков көмектесті. Басында менешкімді таныған жоқпын. Ол кезде тек Дзюба секілді ойыншыларды ғана білетінмін.Чистяков келіп, қол ұшын созуға дайын екенін айтты. Қазір де ол ойыншымен жақсыараласып, білмегенімді сұрап тұрамын. Халықаралық үзіліс кезінде менен қазыалып келуімді өтінген еді. Бұйырса, ұлттық құраманың ойындары біткен соң алыпбарамын.

— «Зенитте» сізге жақсы әсерқалдырған ойыншыны айта аласыз ба?

— Бәрімен тіл табысып кеттім. Оның ішінде Дмитрий Чистяков, Иван Сергеевпенжақсы араласамын.

— Дзюбаның қалжыңдары туралы неайтасыз?

— Дзюба — жақсы адам. Бәрімен бірдей қалжыңдасып жүреді.

Әліп және Дзюба

— «Зенит» сапында сіз үшін еңқиын болған ойын есіңізде ме?

— Ресей чемпионатының деңгейі Қазақстанға қарағанда жоғары. Кез-келгенқарсыласпен болатын ойын қиынға соғады. Сондықтан «Зенитте» өткізген матчтардыңбәрі оңай болған жоқ.

— Ойынға байланысты Сергей Семаксізге өзгеше тапсырмалар бере ме?

— Семак менен негізгі құрамды жасақтайтын кезде «мына позицияға қойсам,ойнай аласың ба, үлгересің бе?» деп сұрады. Мысалы, «Локомотивпен» болғанматчта таза орталық қорғаушы ретінде ойнадым. Тимощук екеуі видео арқылы әрпозицияда қалай ойнау керектігін көрсетеді.

Сергей Семак

— Ресейлік клубтар еурокубокбәсекесіне қатыспайды. Бұл сізге әсер етпей ме?

— Жоқ. Бұған дейін айтқанымдай, Ресей чемпионатының деңгейі жоғары. Солжақта тәжірибе жинақтап, алға қарай жылжи беремін деген ойдамын.

— «Зениттің» жастар командасындаҚазақстанның тумасы Евгений Ким өнер көрсетеді. Біздің ұлттық құрамада ойнаумүмкіндігі туралы сұрадыңыз ба?

— Ия, сөйлестім. Ол негізгі команданың жаттығуына қатысады. ЕвгенийАлматыда дүниеге келген екен. Кейін ағасының жұмысына байланысты Санкт-Петербергкекөшіп кетіпті. «Қазақстан құрамасында ойнағың келе ме?» деп сұраған едім. Олқарсы болмады.

Евгений Ким

— Ресей мен Қазақстанчемпионаттарының қандай айырмашылығы бар?

— Айырмашылық көп. Бастысы ол жақта сапалы алаңдар бар. Жанкүйерлер де көп.Қазақстанға да жақсы стадиондар салса, жанкүйерлер көп келетін еді. Футболдеген концерт сияқты ғой. Керемет атмосфера болса, кейінгі ойындарға басқа датаныстарын ертіп әкеледі дегендей. Алаңымыз жөнделсе, чемпионаттың деңгейікөтеріледі.

— Әлеуметтік желіде РПЛ-дағықазақстандық футболшылармен сөйлесетін чат бар ма?

— Чатымыз жоқ. Тек Instagram, Whatsapp желісі арқылы сөйлесеміз. Бірақ ұлттыққұраманың жеке чаты бар.

— «Зениттегі» лақап атыңызқандай?

— Әркім әртүрлі айтады. «Али», «Алип» дейтіндер бар, кейбіреуі «Қазақ» депәзілдейді. Үйреніп кеттім. Бразилиялық ойыншалар басқаша атайды.

Зееит ФК

— Ресейдегі немесе Қазақстандағы бұқаралықақпарат құралдарының Сіз туралы жазған жаңалықтарын оқисыз ба?

— Оқымауға тырысамын. Олардың ішінде жақсымен қатар, жаман жаңалықтар даболады.

— «Қайраттың» қазіргі ойындарынбақылап отырасыз ба?

— Әрине. «Зенитте» менен бөлек, Тимощук та алматылық клубтың ойындарынтамашалайды. Өкінішке орай, өткен турлардың бірінде «Астанадан» 6:0 есебіменұтылып қалды. Семак пен Дзюба менен «Неге ұтылып қалды?» деп сұрап жатты.Футболшылардың біразы бұл ойынның нәтижесін біледі. Себебі «Қайратта» Ресейчемпионатында өнер көрсеткен Виктор Васин мен Құрбан Бердыев бар.

— 22 жастаҚазақстан және Ресей чемпионы атандыңыз. Алдағы мақсат-жоспарларыңыз қандай?

— Бұйырғаны болады. Қалай болатынын алдағы уақытта көре жатармыз.

Авторы - Ерсұлтан Кәріпбай

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте