ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Өліп қала жаздадым». Қонысбаев ауыр жарақаты, федерацияның қолдамауы һәм хит видеолары туралы

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев ауыр жарақаттан кейінгі өмірі, федерациядан қолдау таппауы, ҚПЛ-дің қазіргі деңгейі және мансабын қайда жалғастыруы мүмкін екенін туралы тілге тиек етті.

Ұлан Қонысбаев

Германияға қарсы ойындағы боқтық сөзі туралы

— Оң жақ қапталда тұрған кезімде Мақсат Байжановтан аяғыма пас сұрадым, бірақ ол алдыға пас шығарып, мен оған жете алмай, эмоцияның үстінде за*бал деп айта салдым.

Көбісі оны дұрыс түсінбей, Қазақстан құрамасында ойнаудан шаршап, айтты деп ойлайды.

Түркия қақпасына соққан голы туралы

— Негізі, Марат Хайруллинге пас бергенмін, алайда доп қақпаға кіріп кетіп, әдемі гол болды.

Жалпы, сол матч тең есеппен аяқталуы керек еді. Бірақ төреші қосқан 5 минут сегізге дейін ұласып, түріктер гол соққанға дейін ойнадық қой. Сонымен қатар сол сәтте Бурак Йылмаз Мұхтар Мұхтаровтың мұрнын сындырып, айып добын біз емес, олар тепті.

Әлеуметтік желіде 17 миллионнан астам қаралым жинаған видеосы туралы

— «Тараз» – «Атырау» ойыны. Ол кезде атыраулық клубтың намысын қорғайтынмын. Маған алдыға пас беріп, мен қатты жылдамдықпен жүгіріп келіп, жете алмай, допты ашу үстінде теуіп жібердім. Сол сәтте алдымнан бала шығып қалып, аяғым тайып кетті және мен әдейі істегендей болып қалды. Негізі, мен қасқана істемедім. Баланы көрмей қалдым. Содан кейін баланың қолын алғым келіп еді ол өзінің мінезін көрсетіп (күледі), қарамай кетті.

Қытайға қарсы ойында алған ауыр жарақаты туралы

— Матч барысында аяғым сынып, Қытайда ота жасалды, алайда ол сәтсіз шығып, қытайлық дәрігерлер дұрыс тікпей, дұрыс жасамай, инфекция түсірген. Сол себепті екі апта бойы дұрыс ұйықтай алмадым.

Содан кейін Италияға барып, қайтадан ота жасаттық. Алты сағаттық отадан кейін италиялық профессор бәрін көрсетіп, түсіндінді. Қытайда тағы бірнеше күн қалып кеткенімде, аяғымнан айырылып қалуым мүмкін болған екен. Сөйтіп, жарты жыл бойы Италияда емделдім.

Бір ай инфекциядан арылу үшін антибиотиктер алдым. 29-шы күні организм көтере алмай, дене қызуым 40 градусқа дейін көтеріліп, өліп қала жаздадым. Осының бәріне ата-анам куә болып, көз жастарына ерік берген кездер де болды.

Сол заматта Қазақстан футбол федерациясының басшысы болған Ерлан Қожағапанов мырза барлық шығынды көтеріп, көмектесті. Бірақ ол кісі орнынан алынып, басшылыққа Қаныш Әубәкіров келгеннен кейін федерация маған қол ұшын созудан бас тартты. Елге қайтуыма билет алып беруді өтінгенімде «Ұлан, саған осы уақытқа дейін көп ақша кетіпті. Енді ешқандай қаражат бермейміз» деді. Әубәкіров мырза маған көмектесуге тыйым салған екен.

Сөйтіп, ары қарай өз қаражатыммен емделдім. Федерациядан көмек күттім, бірақ ешқандай әрекет болмады. Германияда болған үшінші отама да өзім бардым.

Федерацияның қызмет ұсынуы туралы

— Азамат Айтхожиннің «Ұланды қолдаймыз, жақсы қызмет береміз» дегенін оқыдым. Бірақ алты жыл өтті ғой. Маған ешкім хабарласып, жағдайымды да сұраған емес. Құрамадағы жігіттерге де «Ұланға қызмет береміз» деп айтқан екен. Алайда айтқандары сол күйі қалды.

«Оқжетпестегі» кезеңі туралы

— «Оқжетпестің» спорттық директоры Ержан Жаңбыров шақырып, клубпен келісішартқа отырдық. Бірақ Көкшетауда жасанды алаң болғандықтан, аяғыма күш түсіп, маусымның соңына қарай жүре алмай қалдым.

Маусым аяқталғаннан кейін Барселонаға төртінші отама баруым керек еді. Алайда карантин басталып, елден шыға алмай қалдық.

Ұлан Қонысбаев

«Тараздағы» кезеңі туралы

— «Тараздың» спорттық директоры Нұртас Кургулин шақырды. Сол кездегі бас бапкер Вардан Минасян да қолдау көрсетіп, жарты жыл жаттығып, 1-2 ойынға ғана шықтым.

Осы жылы да «Таразбен» Түркияға оқу-жаттығу жиынына баруым керек еді. Алайда басшылық пен бас бапкер ауысып, Нұркен Мәзбаев мені ОЖЖ-ға баратын ойыншылардың тізіміне қоспапты.

Алыстағы армениялық бапкердің қолдап, өзіміздің қазақ маманның ығыстырып кеткені қынжылтты.

Қарыз? «Тараздағы» айлық бойынша қарыздарымды әлі алмадым. Кімнен сұрарымды да білмеймін. Беріледі деп сендіруде. Сонымен қатар ұлттық құрама сапындағы сыйақымды да ала алмадым.

«Тұрандағы» кезеңі туралы

— 20 күн түркістандық клубпен оқу-жаттығу жиынында болдым. Бірақ Владимир Газзаев мені алмады. «Командаға алсақ, ойнамайсың, құр жаттығу жасағаннан пайда жоқ. Сондықтан Бірінші немесе Екінші лигаға барып, тәжірибе жина» деді.

Бұрынғы деңгейге оралу? Негізі, кезіндегі бабыма келу қиын болады. Бірақ ойнауға деген құлшынысым жоғары. Бұрынғыдай көсілмесем де, ойнағым келеді.

Ұлан Қонысбаев

Алдағы мансабы туралы

— Әзірге нақты ұсыныс жоқ. «Жеңіс»? Егер хабарласып жатса, қарастырып көруге болады. Қазір маған айлық маңызды емес, ойын тәжірибесі керек.

Әлі бірнеше жыл ойнағым келеді. Өзімді бапкер ретінде көрмеймін. Спорттық директор болуға болады. Уақыт көрсетеді.

ҚПЛ-дің деңгейі туралы

— Чемпионаттың ойындарын көп көрмеймін. Қызықсыз. Бауырларым ойнайтын бірнеше матчты ғана қараймын. ҚПЛ-дің деңгейі төмен түсіп кеткен.

Жамбыл Көкеев туралы

— «Қайратта» жүрген кезінде ауыр жарақат алды. Футболдан кеттім деген. Бірақ мен ойна деп қолдау көрсетіп жүрмін. Жақында «Хан-Тенгри» командасына барып қалуы мүмкін.

Көкеев пен Қонысбаев

Бауыржан Исламханның допинг дауы туралы

— Дәрігерлердің қателігінен солай болды деп естідім. Баториктен бөлек тағы төрт ойыншыдан допинг табылып, оларды жылы жауып қойып, әскерге жіберіпті деген сыбыстар да бар.

Жарты жыл ғана қалды ғой. Бауыржан әлі-ақ қатарға қосылып, ұлттық құрамамызға да көмектеседі.

Барлық тараздықтар (Исламхан, Сейдахмет, Зайнутдинов, Байтана, Ахметов) жиналсақ? «Тараз» чемпион болады ғой.

Исламхан, Қонысбаев, Зайнутдинов

Ұлттық құраманың деңгейі туралы

— Молдоваға қарсы өткен алғашқы ойын нашар болды. Бірақ ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алдық. Ұтылсақ, ұят болып, төменгі дивизионда жүретін едік.

Шетелдегі чемпионаттарда ойнап жүрген жігіттеріміз құраманы өрге сүйрейді деп сенемін. Алайда кішкене күту керек, – деді Қонысбаев «Nursultan Qurman» ютуб арнасындағы подкастта.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте