ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайраттың» жаңа саясаты. Алматылық командада жаңа маусымда кім ойнайды

Алматының «Қайрат» клубында өзгеріс көп. Әзірге жаңадан келген ойыншы жоқ. Есесіне, бірнеше негізгі құрамның футболшылары кетіп үлгерді. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі еліміздің үш дүркін чемпиондарының қазіргі тыныс-тіршілігіне шолу жасап көрді.

«Қайрат» ФК

Биылғы жылы 70 жасқа толатын білікті маман Құрбан Бердыев «Қайратта» қалатын болды. Сонымен қатар ол өзінің байырғы досы, Иван Данильянцты шақырды. Екеуі бұған дейін «Ростов», «Рубин» командаларында бірге еңбек еткен.

«Қайрат» ақпан айында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Команда құрамына жаңа ойыншылар сол кезде келуі тиіс.

«Қайраттан» бірнеше ойыншының кеткені ештеңе етпейді. Құрбан Бердыевтың қалай жұмыс істейтінін жақсы білемін. Ойыншылар жайдан-жай кетпейді. Сондықтан күту керек. Бердыев енді өзінің тактикасына сай келетін футболшы іздейді. Бәлкім, біреулермен келіссөз де жүргізіп жатқан болар. «Қайрат» жаңа маусымда бәрібір де Қазақстан бірінші команда болады. Түркиядағы жаттығу жиынына жаңа ойыншылар келеді. Сол кезде бәрі қалпына түседі», - дейді қазақстандық бапкер Ваит Талгаев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Бердыев еуропалық деңгейдегі команда құрғысы келеді. Яғни «Қайратты» толыққанды өзгертіп, Қазақстанда ғана емес, еурокубокта да үздіктер қатарына қосуды көздеп отыр екен.

Вагнер Лав

Былтырғы маусымда ойнаған құрамның біразы алматылық клубпен қоштасты. Алдымен, екі маусым ойнаған бразилиялық жұлдыз Вагнер Лав ізін суытты. Ол енді Данияның үш дүркін чемпионы «Митьюлланд» сапында доп теппек. Лав «Қайрат» командасында 57 матч өткізіп, 27 гол соққан. Сонымен 20 нәтижелі пасы бар.

Ал «Қайрат» чемпион атанған маусымда капитан болған Ғафуржан Сүйімбаевтың келісімшарты аяқталған. Ол енді жаңа маусымда Павлодардың «Ақсу» командасының намысын қорғамақ. 31 жастағы қорғаушы тізесіндегі жарақатына байланысты өткен маусымның екінші жартысында алаңға шықпады. Сондықтан ол Құрбан Бердыевтың сенімді серігіне айнала алмады. Оның үстіне, биыл жаңа келісімшарт ұсынбаған.

Гафуржан Сүйімбаев «Қайратқа» 2016 жылы ауысқан. Осы аралықта 149 матч өткізіп, 12 гол соққан (24 нәтижелі пасы бар).

Қақпашы Стас Покатилов та бас бапкердің көңілінен шыққан жоқ. Былтыр еурокубокта, чемпионатта да Покатилов біраз қателік жіберді. Енді ол «Ақтөбенің» намысын қорғамақ. 29 жастағы қақпашы 2016 жылдан бері 151 матчқа қатысқан.

Армениялық универсиал қорғаушы Камо Оганесян «Астананың» жейдесін киіп үлгерді. Оганесян «Қайрат» командасында екі жыл бақ сынады. Осы аралықта 59 ойын өткізген.

Беларусь құрамасының қорғаушысы Денис Поляков та Алматыда екі жыл жүрді. Ал хорватиялық Дино Миканович «Хайдук» (Сплит, Хорватия) клубына ауысты. Бейресми дереккөздеріне сүйенсек, қорғаушы үшін жаңа командасы 75 мың еуро төлеген. Ол алматылық клуб сапында барлығы 97 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Ал Ян Вороговский Бельгияның екінші лигасындағы «Моленбек» командасына кетті. Ол әзірге жарты жылға жалға берілді. Кейін клуб сатып алады. Бұл команда 1973 жылы құрылған. Өткен ғасырдың 70-жылдары Бельгия футболының үздіктерінің бірі болған. Чемпион атанған. Қазіргі кезде клуб екінші лигасында үшінші орында келе жатыр.

«Зенит»

Отандық үздік қорғаушылардың бірі Нұрәлі Әліп бұл күндері Санкт-Петербургтың «Зенит» командасында қаралымда жүр. Футболшы жақында «Зенитпен» бірге Португалиядағы екінші оқу-жаттығу жиындарына қатысады.

Футбол инсайдері Айдын Қожахметтің айтуынша, былтырғы құрамнан үш легионерге ғана мүмкіндік берілген. Яғни жаңа маусымда Яцек Гуральски, Хосе Канте мен Маки Баньяк қалды. Ал португалиялық Рикардо Алвештің тағдыры 50-50. Бапкерлер штабына оның қорғаныстағы жұмысы ұнамайды екен. Ал басқа қабілетіне еш кінә артылмаған. Өзге легионерлер командадан кетеді.

Әсіресе, жақын арада сербиялық қорғаушы Раде Дугалич пен черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косовичпен келісімшарт бұзылады деп күтілуде.

Қырғызстандық Гүлжігіт Әліқұлов командада қалуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.

Әбікен

Өткен жылдың соңында шаңырақ көтерген 25 жастағы жартылай қорғаушы Айбол Әбікен команданың қосалқы құрамына жіберілді. Оған себеп – футболшының келісімшартты қайта қарастырмауы. Яғни өз еркімен жалақысын азайтуға келіспеген. Сондықтан футболшыны «Қайрат-Жастар» сапына ауыстырған.

Қазір командада жалақысын азайтуға келіспегендердің бәрі кетіп жатыр. Жоғарыда аталған Ғафуржан Сүйімбаев, Стас Покатиловтардың барлығы сол себепті командамен қоштасты. Жақын арада Айбол да басқа клуб жейдесін киіп қалуы мүмкін.

Ол былтыр «Қайрат» сапында 21 матчқа қатысып, екі гол соғып, үш пас берген. Ұлттық құрамада 2019 жылдан бері ойнап жүр.

Әзірге «Қайратпен» ресми түрде ешкіммен келісімшартқа отырған жоқ. Жаңа ойыншылардың барлығы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде қосылады деп күтілуде. Бұған дейін Meta-ratings.kz «Химки» командасының қорғаушысы Максим Карпов келуі мүмкін екенін жазған. 26 жастағы бойы ұзын орталық қорғаушы Алматы командасының жаттығу жиындарына қосылған. Ол Раде Дугаличтің орнын басады деп күтіліп отыр екен.

Максим Карпов «Зенит» клубының түлегі. Бірақ Санкт-Петербург командасының негізгі құрамында ойнамаған. «СКА-Хабаровск», «Ротор» командаларына жалға берілген. Сосын 2019 жылы «Крылья Советов» 200 мың долларға сатып алды. Ал былтыр қыркүйек айында «Химкиге» ауысқан.

Шушеначев

Футбол инсайдері Айдын Қожахмет былтырғы маусымда қазақстандық шабуылшылардың арасында үздік сұрмерген атанған Артур Шушеначевқа еуропалық клуб тарапынан қызығушылық болғанын айтты. Яғни Польшаның Экстракласында өнер көрсететін «Шленск» клубы «Қайратпен» келіссөз жүргізген. Польшалықтар шабуылшы үшін басында 150 мың еуро төлеуге дайын болған. Бірақ кейін Алматы командасы бас тартқан соң, бұл соманы екі есе көбейткен. Алайда «Қайрат» Артурмен қоштасқысы келмейді. Тек 1 миллион еуро төлесе ғана жібермек.

«Шленск» қазақстандық шабуылшыны жаздан бері қарап жүр екен. Қожахметтің жазуынша, Артурдың ойыны польшалық клубтың скауттың қызығушылығын тудырған. Жақында командадан испаниялық страйкер Эрик Эспозито кетуі мүмкін. Оның орнын басататын шабуылшы керек. Сол орынға Шушеначевті лайық деп санайды. Дегенмен, 300 мың еуродан артық төлегілері жоқ.

Фото: «Қайрат» ФК

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте