ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайрат» Қазақстанға ғана емес, бүкіл Еуропаға қажет». Оразбеков — бразилиялықтар мен футзалдың дамуы туралы

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков YouTube-тағыNursultan Qurman арнасына қонаққа барды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі сұхбат барысында айтылған маңыздыпікірлерді жинақтады.

Оразбеков

Футзалға деген қызығушылық қалай пайда болды?

— Футзал мен «Қайрат» кездейсоқ жолыққан жоқ. Біздекезінде футзал деген болған жоқ, мини-футбол деп басталған еді. Және екі-үшқана ережесі бар болатын. 2000 жылдары УЕФА тарапынан нақты ережелер бекітіліп,футзал деген спорт түрі пайда болды.

Басында «Қайнұр» деген әуесқойлар клубы болды. Бізфутзалды содан бастап, 1995-1996 жылы алғашқы Қазақстан чемпионатына қатыстық.Сегіз команданың арасында екінші, үшінші орын алып жүрдік. Ал 2000 жылдарыбесінші, төртінші, үшінші орындардан көріндік. Біздің жүріп өткен жолымыз жеңілболмады. Сол кезде Киров, Руслан Балтиев секілді ойыншылар «Қайрат» футзалклубында өнер көрсетті. Оны бәрі біле бермейді. Кейінірек олар үлкен футболғаауысып, ұлттық құрамаға шақыртыла бастады. Жалпы өздерін жақсы жағынан көрсетебілді. Осыған қарап-ақ футбол мен футзалдың бір-біріне көмектесетінін көругеболады.

«Қайраттың»Еуропаға шығуына не әсер етті?

2000 жылдары Италия құрамасының базасында жиын болды.Сол кезде алғаш рет УЕФА-ның съезі өтті. Кездесу барысында футзалдың дамуыжайында әңгіме қозғалды. Одан бөлек, футзалға қатысты қызықты дәрістер өтіпжатты. Солардың бәріне қатысып, білімімді арттырдым. Сол кезде футзалдың алдағыуақытта қалай дамитынын білдім. Осыған сүйене отырып, біз де алға жылжибастадық.

Қайрат

Қазақстанда футзалдан қаржылық тұрғыда үлкен табысқа жетуге бола ма?

— Жақсы сұрақ қойдыңыз. Қазақстан футзалды дамыту үшінкеремет мемлекет болып табылады. Көп адамдар Қазақстан футбол ойнай алмайды депайтады. Мұның бәрі футболдан хабары жоқ адамдардың айтқан әңгімесі. Футболдыңдамуы базаға, академияға және климатқа байланысты. Қазақстанның солтүстігіндеқыс алты айға созылады. Сондықтан балаларға сыртта футбол ойнау қолайсыздықтудырады. Одан бөлек, бізде футбол алаңдары жоқтың қасы. Алаң жоқ болса, футболқалай дамиды? Футболшылардың басым бөлігі ауылдан шығады.

Футзал Қазақстанда одан әрі қарай да дами береді. Себебібіздің елде бұл спорт түріне арналған инфрақұрылым бар. Мектепте де, жоғарғыоқу орнында да жабық спорт кешендері көп. Үлкен футболда ойыншылар қыс бойы текфизикалық дайындыққа көңіл бөледі. Оларды футзалға шақырып қыс бойы ойнату керек,ал көктемде қайтадан футболға кетеді. Осылайша, олар жыл бойы үзіліссізойнайтын болады. Футбол жұлдыздарының бәрі кезінде футзалда ойнаған. Бізгежабық спорт кешендерін көбейту қажет. Сібірде орналасқан командалардықараңызшы. «Тюмень» секілді клубтар Чемпиондар лигасында ойнап жүр. Бізге деосы жолмен жүру қажет. Мен футзалдың Қазақстанда маңызы артқанын қалаймын.Қазірдің өзінде футзал біздің елімізді бұқаралық спорт түріне айналды.Адамдарды ешкім қинамайды, өздері футзалға тартылуда және ойнау үшін ақшатөлеуде.

Мен басында қаржы табу керек деген мақсат қойған жоқпын.Біз Қазақстанның атын шығару үшін және Алматыда осы спорт түрін дамыту үшінжұмыс істедік.

Футзалға ақша сала беруден шаршаған кезіңіз болды ма?

— Кез-келген жұмысты бастаған кезде алға қойған мақсатыңболады. Сол мақсатқа жету үшін көбісі сынақтардан өте алмай жатады. Үкімет теүлкен футболға көп ақша бөліп, футзалға назар аудармады. Енді ғана көңілбөлінуде. Көп ойыншылар «Қайратты» бай клуб, олар мықты легионерлерді сатыпалып, жергілікті ойыншыларға мүмкіндік бермейді деп ойлайды. Керісінше, олардыңтигізер пайдасы көп. Отандық ойыншылардың олардан үйренері мол. Қазір Қазақстанчемпионатында әлемнің үздіктері доп теуіп жүр. Солармен ойнап, өз деңгейіңдікөтеруге болады. Олардан қорықпай, көзіне тік қарап, тіпті оларды алдап өтуқажет. Легионерлерді елге шақыру дұрыс қадам болды.

Футзал үлкен қаражатты қажет етпейді. Футболға 10-20миллион долларлап бөлінсе, футзалға 500 мың, әрі кетсе 1 миллион доллар жетіпартылады. Ал 2 миллион бөлінсе, бұл керемет нәтиже көрсететін, яғни Чемпиондарлигасында ойнай алатын команда болмақ. Үкімет қолдап ақша шамамен он жылдайтұрақты беріліп тұрса, ол команда оңайлықпен құламайды. Жанкүйерлердің өзі-ақклубтың жоғалуына жол бермейді.

Қайрат

«Қайраттың» жылдық бюджеті қанша?

— «Бенфиканың» бюджеті 7-8 миллион еуроны құрайды, ал«Барселонаға» жыл сайын 9-10 миллион бөлінеді. Біз «Барселона» секілді барлықспорт түріне көңіл бөлмей, футзалды дамытқымыз келеді. Бізде балалар футболындамыту үшін де ақша бар. Академиямызда 250-ге жуық бала жаттығады.Инвесторларды осы спорт түріне қызықтырып, алға жылжығымыз келеді. Бір ай бұрынҚазақстан футбол федерациясына өз жобамызды ұсындық және келесі жылдан бастапосы бағдарламаны жүзеге асырмақпыз. Бюджет тек ойыншылардың жалақысы үшін ғанаемес, инфрақұрылымды дамыту үшін жұмсалады. «Нұр-Аман» деп аталатын спорткешенін салдық. Ол жерде 120-ға жуық бала жаттығады. Ол кешенді салу үшін 1,8миллиард теңге кетті. Бірақ бұл УЕФА талаптарына сай келетін керемет зал болды.«Қайрат» клубы басқа өңірлерге де спорт кешендерін салуға көмектесті. Жалпыклубтың бюджеті 3 миллион доллар шамасында.

Жеңу мақсат емес. Біздің клуб үшін жеңіске жету бастымақсат саналмайды. Біз футзалды дамытқымыз келеді. Бұл ҚФФ-ның және футзалдепартаментінің тапсырмасы. Футзал Қазақстандағы бұқаралық спорт түрінеайналып, үлкен маңызға ие болуы тиіс. Міне, біздің басты мақсатымыз осы. Жасжеткіншектер Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Шыңғыс Есенаманов және ДәуренНұрғожинға қарап өсу керек.

Дуглас

Командада бұрыннан ойнап жүрген бразилиялықтардың жалақысы қаншалықты өсті?

— Игита, Лео, Дуглас секілді ойыншыларды ешкім білмейтінеді. Бұл клуб селекциясының ерен еңбегі. Бұл менеджмент соңғы он бес жыл бойыөзгермеді. Біз жай ғана бизнестегі процедураны футзал клубына әкелдік. Селекцияфутзалда маңызды рөл атқарады. Бразилиялықтар кез-келген клубта бар. Мәселе –олардың ойнап-ойнамауында. Мысалы, олар біздің клубта ойнайды. Дәрігерлерге декөп нәрсе байланысты. Олар қалай дайындаса, ойыншылар соған сай өнер көрсетеді.Қазақстандық менеджменттің басты артықшылығы – клубтағы адамдардың ойы бірарнаға тоғысуы қажет. Бұл жерде ақша рөл атқармайды. Біз ең мықты бапкердішақырдық. Бразилиялықтарды жас кезінде алып, оларды тәрбиеледік. Олар шеберойыншыға айналу үшін бар жағдайды жасадық. Сондықтан олар Қазақстанда қалып,біздің елдің намысын қорғауда. Игита қазақ емес пе? Әрине, қазақ. Ол біздің елүшін барын беруге дайын.

Биыл «Қайрат» неге топ-трансфер жасамады?

— Соңғы 25 жылда мұндай қиын маусым болған емес. Әлемчемпионаты, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, ел кубогі, Суперкубогі,Қазақстан чемпионаты бір уақытта болды. Біз биыл бар назарымызды Қазақстанқұрамасына аудардық. Сондықтан топ-трансфер жасаудың қажеті болмады. Біз тек өзойыншыларымызды әлем және Еуропа біріншілігіне дайындағымыз келді. Бұл біздіңбасты мақсатымыз болды. Турнирлердің арасы тығыз болғандықтан, жаттығу жасауғауақыт болмай жатты. Тұрсағұлов, Савио, Нұрғожин секілді ойыншыларымыз қатардаболса, «Тюменьді» жеңер едік. Бірақ біз «қайраттықтарға» тән мінез көрсетебілдік және бұл нәтиже үшін ұялмаймыз. Келесі жылы екі-үш ойыншы аламыз. Біреуітоп футзалшы, ал екеуі болашақта жоғары деңгейде ойнайтын болады.

Игита

Игита, Дугластар «Қайратта» тағы қанша жыл ойнайды?

— Олардың келісім-шарт мерзімі 2024 жылға дейінесептелген. Игита секілді қақпашылар 40 жасқа дейін ойнай береді. Ал Дугласқорғаушы болғандықтан, оның жұмысы ауырлау. Ол қазіргі деңгейде төрт жылдайойнай алады. Оның күші көп және физикалық деңгейі өте жақсы, жарақатты азалады. Мен ойыншылардың ұлтына емес, сапасына қараймын. «Қайрат» тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Еуропаға қажет. Біздеқазір ойнайтын және бұрын ойнаған футзалшылар қазір өз елдерінің негізгікомандасында өнер көрсетуде.

Кака

Какаға ақыл-кеңес бересіз бе?

— Әр бапкердің өзіне тән ойын стилі болады. Ол қарсыластыбеске-бес және футзалдың негізгі ережелеріне сай ұтқысы келеді. Игитаны негеалға шығармайсың деп айтпаймын. Ол өзінің қолтаңбасын қалдырып, өз ойынынқойғысы келеді.

Бразилиялықтармансабын аяқтағаннан кейін өз еліне кете ме әлде оларды командада қалдырғыңызкеле ме?

— Игита, Дуглас, Димаш Сүлейменов секілді ойыншылардықалдыру керек. Олар клуб тарихын, инфрақұрылымды және ойыншылардыңпсихологиялық жағдайын жақсы біледі. Бірақ оларды командада алып қалу қиын. БізСүлейменовке ұсыныс жасадық. Оған жастар командасын сеніп тапсырмақ болдық. Олойланып, өзін үлкен командада сынап көргісі келді. Дәл сол сәтте «Каспийде»мәселелер пайда болды. Оның ұйымдастыру қабілеті керемет, болашақта жақсыпрезидент бола алады. Кака кезінде Димашты өзінің көмекшісі еткісі келді. БірақСүлейменов бас тартқан екен. Димаш сол кезде әлем чемпионатында ойнауы керекеді. Бірақ ол жерде менің айтқаным болмайды. Димашқа арнап ұлттық құрамадағы қоштасуматчын өткізгіміз келді. Бірақ уақыт болмай кетті.

Тайнан «Қайратқа» неге қайта келмеді?

— Ол көп ақша сұрады. Біздің жағдайымыз жетпеді.

Эдсон

Эдсон Қазақстан азаматтығын алды ма?

— Эдсон төрт жыл бойы біздің елдің азаматтығын сұрады.Оны бес-алты ел өз қатарларына қосқысы келеді. Өзі Қазақстанда ойнаймын депсұранып отыр. Құдай қаласа, Эдсон жақын күндері біздің елдің азаматы атанады.Оның Еуропа чемпионатына қатысуы үшін федерация бар күшін салуда. Себебі біразойыншыларымыз жарақат алған. Еуропа біріншілігі кейінге шегерілсе, біз үшінтамаша болар еді.

Осыдан екі жыл бұрын Нұр-Сұлтанда елдің үздік футзалшысын анықтау үшін сахнағашықтыңыз. Оның кім екенін білгенде, жан-жағыңызға қарап, таң қалдыңыз. Осыжағдайға қатысты не айтасыз?

— Бүкіл әлем Игитаны үздік деп таныды. Оған салтанаттышара басталмас бұрын шақырту барған. Ол өзіне киім сатып алып, баласы жәнеәйелін өзімен бірге алып келді. Ал бір сағат қалғанда сен бұл номинацияға иеболмайсың деп айтқан. Ол кезде мен федерацияда жұмыс істегеніммен, бәрін өздерішешіп отырды. Бұрын ҚФФ-дағы адамдармен қарым-қатынасым нашар еді. Әлемчемпионатынан кейін олармен қызметтік байланыс орнаттым. Мен конвертті ашқанда,есеңгіреп қалдым. Иманалинді құрметтеймін, сыйлықты табыстаған кезде де оныңбұған лайық екенін айттым. Бірақ мен мұны күтпедім. Игита ренжіген жоқ. Ал шарааяқталған соң ол көрермендермен суретке түсіп жатты, яғни оны халыққұрметтейді.

Қазақстан

Кака Өзбекстанмен болған ойында жастарды шақыртты. Мұның себебі неде?

— Ол жас ойыншыларды тәжірибе жинасын деп шақырды.Қосалқы құрамда отырып-ақ, атмосфераны сезіну арқылы өсуге болады.

Әлем чемпионатына қатысқан ойыншылар қанша сыйақы алды?

— Федерация жігіттерді ренжітпеді. Бірақ қанша алғанынайта алмаймын, оған құқығым жоқ. Берілген сыйақыны үлкен футболдағыменсалыстыруға келмейді.

Алматыда «Нұр-Аман» секілді спорт кешендер салынып жатыр екен. Осы жайлыайтсаңыз. Бұл қандай жоба?

— Қазір Балуан Шолақ кешеніндегі жөндеу жұмыстарыаяқталып қалды. Біз алматылықтардың «Қайраттың» ойынын тамашалауы үшін барлықматчтарды сол жерде өткізгіміз келеді. Кез-келген адам тегін кіре алатындаймүмкіндік жасаймыз. Келесі жылдан бастап осы жобаны қолға аламыз. Аягөзөңірінен өте мықты ойыншылар шықты. Тағы жақсы ойыншылар жеткілікті депойлаймын. Сондықтан Семей әкімімен де кездесіп, сол жерде футзалды дамытқымызкеледі.

Дуглас

Келесі маусымда «Қайраттан» кімді көргіңіз келеді?

— Құрамдағы негізгі ойыншылар қалса, мен үшін сол үлкенжаңалық болады. Бірақ Дуглас қаңтарда ресейлік КПРФ командасына жалға кетеді.Бұл туралы бразилиялықтың өзі өтініш жасады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте