Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин және Тимофей Скатовтың ізін ала Дмитрий Попко да Аустралия чемпионатының негізгі кезеңіне өту үшін финалда бақ сынамақ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.
Попко іріктеу кезеңінің жартылай финалында жергілікті спортшы Филипп Секуличті (992-ші орын) 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Ойын 1 сағат 24 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Дмитрий 4 эйс жасап, 8 брейктің төртеуін жүзеге асырды.
Енді негізгі кезеңге жолдама алу үшін Попко чехиялық Иржи Лехецкті жеңуі керек.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин мен Тимофей Скатовтың да финалдағы қарсыластары анықталды. Михаил америкалық Эрнесто Эскобедомен ойнаса, Тимофей португалиялық Гастао Элиаспен негізгі кезеңнің жолдамасын сарапқа салатын болады.