Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Ойыншыларды жайдан-жай шақырмаймын». Адиев - ұлттық құраманың нәтижесі мен Бауыржан Исламхан жайлы

Читать полностью

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев YouTube-тағы Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында команданың Ұлттар лигасындағы нәтижесі жайлы пікір білдіріп, әр ойыншыға жеке-жеке тоқталып өтті.

— Сіз үшін киім ауыстыратын бөлмедегі жағдай өте маңызды. Лезгинка билеп, жігерлендіретін сөздер айттыңыз. Ол жерде Сіз бірінші кезекте неге назар аударасыз?

— Би туралы және менің сөздерім жайлы дұрыс айттыңыз. Мен баспасөз хатшысымен сөйлесемін, ол киім ауыстыратын бөлмедегі жағдайды сыртқа шығармау қажет. Мен үшін мұндағы жағдай өте маңызды. Мұны бұған дейін жұмыс істеген клубтарымда үнемі айтатынмын, өйткені ойыншылармен ортақ тіл табысып, мінезінің қандай екенін түсініп алу керек. Егер бұл жаттықтырушының қолынан келсе, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Олай жасай алмаса, қиындықтар пайда болады. Сондықтан, ең алдымен, футболшылармен жеке әңгімелер үнемі жүргізілуі керек. Әсіресе, ұлттық құрамада уақыттың аз болатынын ескерсек. Финалдық турды кейінге қалдырғаны үшін федерация президентіне тағы да алғыс айтамын. Ойындарды ауыстырмағанда, ұлттық құраманың дайындығына небәрі төрт-бес күн ғана қалатын еді. Мен жаңа жаттықтырушымын, сондықтан басында ойыншыларға жаңа талаптарды түсіндіру қиын болады. Соңғы турдағы ойындарды кейінге шегергендіктен бізде 8-9 күн бойы жаттығатын мүмкіндік пайда болды. Күніне екі реттен жаттыға бастадық. Бірақ ең бастысы жігіттермен сөйлесіп, жақыннан тани бастадым. Біздің алғашқы жаттығуларымыз сәтті бола қойған жоқ. Мен бұл үшін қатты уайымдадым, жігіттерге үнемі тынышталу керек екенін айттым, себебі олардан біраз ауыртпалықты түсіруге тырыстым. Бірақ екі-үш күннен кейін бәрі өз орнына келді.

— Киім ауыстыратын бөлмеде Елдос Ахметовтіерекше атап өттіңіз.

— Командада 24 ойыншы мен 3 қақпашы болды. Әр тур сайынтөрт ойыншыға «сен бүгінгі матчқа қатыспайсың» деп айтуға тура келеді. Менбапкерлік штабтағы мамандарға бұл футболшылардың есімін бердім. Олар атыаталған ойыншылармен жеке сөйлесті. Бірінші кезекте олардың мұны қалайқабылдағаны маңызды болды. Елдос – командадағы көшбасшылардың бірі, өте көңілдіжігіт. Әрдайым жігіттерге көмектесіп жүрді. Оның «ойынға қатыспадым» деп ренжігенін ешқашан көрген емеспін. Осындай ойыншылардыңкомандада болғаны өте маңызды.

— Абаттың бұлай ойнауына не себеп болды? Ол соңғы жылдары негізгі құрамға ілікпей жүрген еді Ал қазір көзге түсіп, гол соға бастады. Сіз оған не дедіңіз?

— Мен Абатқа біраз нәрсе айта аламын, бірақ оның мұны қалай қабылдағаны маңызды. Менің ойымша, ол өте сапалы футболшы. Өз аяғында нық тұра алатын мығым шабуылшы. Оларға әр ойын сайын: «Жігіттер, бүгін біз тағы да көп жүгіруіміз керек» деп айттым. Допсыз ойнай білу өте маңызды, мен бұған көп көңіл бөлемін. Бұл «қара» жұмыс болып саналады, сондықтан шыдамды болу қажет. Ал Абатта бұл қасиет бар. Әр ойынның алдында оның жағдайын сұрадым, ол: «Мұсаұлы, менде бәрі жақсы!» деп жауап берді. Оған орталық қорғаушыларға қысым жасап, көп қозғалу керектігін айттым.

— Бауыржан Байтана тек бір ойынға қатысты. Оны қыркүйекте тағы шақырасыз ба?

— Ұлттық құрамағы Қасым, Щеткин секілді футболшыларшақырту алды. Бірақ ойын алдында құрамды қысқартуға тура келді. Бұл туралыойыншыларға жеткізу мен үшін қиын болды. Олар да мұны әртүрлі қабылдауы мүмкін.Байтананың да соңғы ойындарға қатыспауы менің проблемам болып табылады. Матчқажоспар құрған кезде қарсыластың ойынына, командамдағы ойыншылардыңқарым-қабілетіне қараймын. Байтананы үзілісте алмастырған соң, ойынымыз жақсарып,жеңіске жеттік. Бас бапкер әрдайым нәтиже көрсеткен ойыншыны пайдаланғысыкеледі. Әрине, мен барлығына сенемін. Ұлттық құраманың тізімін жасар алдындафутболшылардың ойынына, формасына назар аударамын.

— Эльхан Астанов пен Рамазан Оразовтың ойыны жайлы не айтасыз?

— Екеуі де бұл кезеңді жақсы өткізді. Астановпен алғашрет әуежайда кездескен едім. Мен Таразға ұшып бардым, ал «Ордабасы» сол кездеШымкентке кетіп бара жатқан еді. Команданың бірнеше ойыншысы менімен амандасуғакелді. Сол кезде олардан Астановты шақыруын өтіндім. Онымен сол жерде жекесөйлестім. Оған: «Эля сенің ойыныңды бақылап жүрмін, сенің бойыңда мағанқажетті қасиеттер бар. Сенен бір ғана нәрсені талап етемін. Сені жаттығужиынына шақырамын. Үш-төрт күн ішінде өзіңді көрсетіп, үлкен ойындарға дайынекеніңді дәлелдеуің керек. Егер дайын болсаң, командада ойнайсың» дедім. Олбасын изеп, бұл сынаққа дайын екенін айтты. Менің ойымша, Эля бапкерлік шатбтыңүмітін ақтады.

Оразовпен ресейлік клубта да жұмыс істегенмін. Олмансабында үлкен қадам жасады. Әлеуетінің бар екені әрқашан байқалып тұратын.Бірақ сол кездері деңгейін көтере алмады. Бірақ қазіргі жағдай басқаша. Ол көпнәрсені қалайды. Мен оған бір уыс нан берсем, ол екеуін сұрайды. Қазір оныңдаму процессі жақсы жүруде.

— Алаң ортасындағы өзгерістер жайлы сөйлессек. Тағыберген, Дарабаев ойнады,алдағы уақытта Зайнутдинов қосылады.

— Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде бергеналғашқы сұхбатымда алаң ортасында белгілі бір мәселелердің бар екенін айтқанедім. Бұл өткізген төрт ойында да байқалды. Аз ойнап жүрген Қуатты шақырдық, алнегізгі ойыншылардан Асхат пен Аслан ғана бар. Исламбек алғашқы ойынғақатыспады, бірақ ол біз үшін маңызды ойыншы, оны қалай пайдалану керектігінжақсы білемін. Бірінші ойыннан кейін Асхат жарақат алып қалды. Алаң ортасындаойнайтын Қуат пен Аслан ғана қалды. Және қосалқы құрамнан шығып, олардың орнынжоқтатпайтын Самат Жарынбетов болды. Көп адамдар Беларусьпен болған ойындаауысымның дұрыс болмағанын айтуда. Бірақ бұл әрекетімнің астарында мән-мағынаболды. Асланды матч соңына дейін ойнатуыма болар еді. Бірақ екі күннен кейінСловакиямен болатын ойынды ескеріп, оның күшін сақтап қалғым келді. Соңғыматчта Ерлановты тіреуіш жартылай қорғаушы ретінде пайдаландық. Себебі алаңортасында біраз мәселе болды.

— Бірінші лигада ойнап жүрген Қуат негізгі құрамда шығып, капитан болды. БұлСіздің шешіміңіз бе?

— Әрине, оны капитан ету менің шешімім болды. Бұл туралыфедерация президентіне де айттым. Ол кісі мені қолдады. Кеңейтілген тізімдіжасамас бұрын Қуатпен сөйлескен едім. Оған хабарласып: «Ұлттық құрамаға кел,сенімен танысқым келеді» деп айттым. Ол «Астана» клубында болған жағдайды айтыпберді. Бар бәлені командаға жаппай, өзінің де кінәлі екенін мойындады. Солкезде оны қолдау керектігін түсіндім. Есесіне, ол менің үмітімді ақтады.

— Қорғаушылардың ойынына ризасыз ба?

— Тізімде алты қорғаушымыз болғанымен, үшеуіне толықсенім арттық. Елдос Әзербайжанмен болған ойында негізгі құрамда шықты. Бірақ2:0 есебімен жеңіп жатқанда белгілі бір мәселелердің туындағанын байқадым.Сондықтан алаңға Малыйды шығардым. Оның тәжірибесі мол. Шыға салып, ойындытыныштандырды. Словакиямен болған ойында да жақсы ойнап, қақпамызға голжібермедік. Мен жай ғана олардың тәжірибесіне сенім арттым. Марочкин менМалыйдың тәжірибесі мол, Әліп жоғары жылдамдыққа ие, допқа күрес кезінде жеңілеқоймайды. Нұралы әр ойын сайын өсіп келеді. Киім ауыстыратын бөлмеде ҚФФпрезидентінің басын сүйді. Бұл, әрине, жақсы. Себебі эмоция деген нәрсе сыртқашығып тұруы керек.

— Лезгинканы әр ойыннан кейін билейсіз бе?

— Жоқ. Мен бұл видеоны қайта көргім келмейді. Осыданкейін достарым хабарласып, видеоның Грозныйда тарап жатқанын айтты. Олардан:«Бұл әрекетім ұят болмады ма?» деп сұрадым. Олар маған: «Сен өміріңде лезгинкабилемеген адамсың ғой» деп жауап берді. Мен бұл пікірмен келісемін (күліп).

— Бауыржан Исламхан туралы жанкүйердің сұрағын қояйын. Сіз оны білетін шығарсыз. Ол біздің командаға керек пе? Қазір бабында емес, бірақ күзде футболға қайта оралады. Сіз оны бақыладыңыз ба?

— Ол туралы естідім. Көбісі бұл футболшыны мақтайды. Бірақ қазір менің оны бақылай алмайтыным белгілі. Менің білуімше, Бауыржан әлі командамен бірге жаттыға алмайды. Футболшыларға ұлттық құраманың есігін жаппаймын, өйткені ұлттық құрама жейдесін киіп, елдің намысын қорғау олар үшін мансабының шыңы болып есептеледі. Сондықтан мен үнемі: «Өзіңді көрсетіп, командаға қажет екендігіңді дәлелдесең, командаға шақыруға дайынмын» деп айтамын. Бірақ ұлттық құрамаға ойыншыларды жайдан-жай шақырмаймын. Тіпті маған жақын адам болса да.

— Жоао Паулоны ұлттық құрамаға қосу ойыңызда бар ма?

— Мен Қазақстанның төлқұжатына ие ойыншыларды ғана қарастырамын. Жоао ойыншы ретінде ұнайды. Оның жақсы қасиеттері бар.

Меркельде азаматтыққа немесе визаға қатысты мәселелер бар. Оған терең үңілгім келмеді. Мен ойыншыларды ұлттық құрамаға шақыру үшін жалынғым келмейді. Алдағы уақытта да олай жасамаймын. Футболшының өзі мұны қалап тұру қажет.

Мына ойыншыны неге шақырмадыңыз деп сұрап жатады. Есімін айтпай-ақ қояйын, бірақ ол кезінде ұлттық құрама жайлы жағымсыз нәрселер айтқан. Жеке өзім естімедім, бірақ маған мұны көрсетті. Сондықтан ол ойыншы маған керек емес. Адам ең алдымен өз елін құрметтеуі керек.

Александр Зуевті ойыншы ретінде білемін. Бірақ оның азаматтығы жоқ.

— Марат Быстров пен Сіздің араңызда кикілжің туындады. Не болды және оны болашақта шақырасыз ба?

— Бұл маған емес, өзіне байланысты. Кейде футболшыларға: «Менде белгілі мөлшерде тәттілер бар. Мұны сендерге таратпақпын, бірақ жайдан-жай бергім келмейді, тәттіні менен тартып алуың керек» деп айтатынмын. Быстров жақсы ойнаса, әрине, командаға шақырамын. Мен жаттықтырушымын және кез келген ойыншыдан жақсы дүние шығаруым керек.

— Жанкүйерлердің қолдауы жайлы не айтасыз?

— Қолдауы сезіліп тұрды. Мұндай атмосфераны сезіну кез-келген бапкер және футболшы үшін үлкен арман. Алдағы уақытта барлық ойында қайта қарап шығамын, бірақ Словакиямен болған соңғы матқа ерекше назар аудармақпын. Себебі керемет атмосфера болды. Эмоцияға ерік беріп, голды тойлап кеттім. Бұған дейін бұлай жасамайтынмын. Алдағы уақытта сабыр сақтауға тырысамын.

Матч басталмас бұрын ойыншалардың шаршағаны сезіліп тұрды. Алаңға шығып жүгірмеген мен де шаршадым. Ойындарды қайтлап көруге шамам болмады. Бірақ өзімді мәжбүрледім. Соңғы матчқа жанкүйерлердің көп келетінін білдік. Сондықтан ойыншыларға: «Шаршағандарыңды білемін, бірақ бүгін стадион лық толады. Сол жердегі атмосферадан энергия алып, соны пайдалансаңдар, оң нәтижеге қол жеткіземіз» дедім. Солай болды да. Сондықтан Словакиямен болған матчтағы жеңіске жанкүйерлердің қосқан үлесі зор.

— Алда болатын екі матч жайлы айтып өтсеңіз. Дайындық қалай болады?

— Дайындықтың қалай болатынын айту қиын. Ойыншылар өзклубтарына кетті, алдағы уақытта чемпионат қайта жалғасады. Матч жақындағанкезде қандай футболшыларды шақыру керектігін біле бастаймын. Бізді өте қиынойындар күтіп тұр. Қарсыластарымыздың ойынында түсініспеушіліктің бар екенінбайқадық. Бірақ олар алаңда жағдайды өз пайдасына шешуге тырысады. Біздің турнирліккестедегі жағдайымызды нашарлатқысы келеді. Сондықтан екі ойын да оңайболмайды. Барлығы өзіміздің дайындығымызға байланысты.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+