«Жоғар міндеттер қоямыз». Клещенко «Тұран» сапындағы мақсаттарымен бөлісті

«Тұран» футбол клубының жаңа ойыншысы Александр Клещенко клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында команданың алға қойған мақсаты мен алған әсері жайлы айтып берді.

— Келісімшартқа қол қойған соң қандай әсердесіз?

— «Тұран» футбол клубының сапына қосылғаныма қуаныштымын. Командаға тек пайдамды тигізіп, оның өрлеуіне жұмыс істеймін.

— Маусымнан не күтесіз?

— Жаңа маусым — бұл жаңа үміт. Бапкеріміз айтпақшы, алдымызда тек ең жоғары мақсат пен міндет тұр.

— Команда сізді қалай қабылдады?

— Бәрі жақсы, ақырындап ұжымға үйренісіп келемін. Көбімен бұрыннан таныспын, ал басқаларымен алаңда түйіскенбіз. Командаға бейімделуім теза арады өтіп, көп уақытты алмайды деп үміттенемін.

— Маусым алдында өзіңізге жеке мақсат қоясыз ба?

— Жеке мақсат қоймаймын. Бастысы — команданың нәтижесі. Қалғаны екінші кезекте.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!