ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Жүзуден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Ақтөбеде 30 наурыз бен 2 сәуір аралығында өткен Қазақстанның жүзуден 2022 жылғы Ашық жазғы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су спорты федерациясының баспасөз қызметі.

Командалық біріншілік қорытындысы бойынша 43714 ұпай жинаған Алматы қаласының командасы бірінші орынды, 35266 ұпаймен Ақтөбе облысының командасы екінші орынды иеленді. Үздік үштікті 30096 ұпаймен Нұр-Сұлтан қаласының командасы түйіндеді.

Ақтөбе облысының өкілі Диана Тасжанова 1500 метр қашықтықты еркін әдіспен 17 минут 31,08 секундта бағындырып, Қазақстан Республикасының рекордын жаңартты.

Чемпионат нәтижесінде Ксения Игнатова мен Айбек Қамзенов 17 маусым мен 3 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтетін су спортынан 19-шы әлем чемпионатына қатысу нормативін орындады.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын ұлттық құраманың бес мүшесі: Әділбек Мусин, Александр Варакин, Айбек Қамзенов, Аделаида Пчелинцева және Ксения Игнатова қорғайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!