ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің перспективті алты боксшысының қатарына кірді

Белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэль 2021 жыл қорытындысы бойынша перспективті үздік кәсіби боксшылар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Олардың қатарына бұрын-соңды жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кірді. Ол 19 боксшының ішінде алтыншы болды.

«Top Rank промоутерлік компаниясы мен менеджері Эгис Климастың қамқорлығындағы солақай Әлімханұлы жақсы көтеріліп келеді, қазірдің өзінде оны заңды үміткер деп тануға болады. Ол 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетті. Сонымен қатар 2013 жылғы әлем чемпионаты, 2013 және 2014 жылдардағы Азия чемпионаттарында «алтын» иеленген. Ол кәсіби боксшсы ретінде тез көтерілді, соңғы айқастарында орта салмақтағы бұрынғы титул иелері Роб Брант пен Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберді. Қазір ол WBO әлем чемпионы Деметриус Андрадемен айқасатын дәрежеге жетті», - деп жазды Рафаэль Fight Freaks Unite сайтындағы колонкасында.

Үздік үш боксшы қатарына Джаред Андерсон (АҚШ, аса ауыр салмақ), Ксандер Зайяс (Пуэрто-Рико, бірінші орта салмақ) пен Конор Бенн (Ұлыбритания, жартылай орта салмақ) кірді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!