ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Юлия Путинцева Германиямен матчта Қазақстанды алға шығарды

Ұлттық теннис орталығында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Германия матчы басталды.

Алдымен кортқа Юлия Путинцева мен Анжелика Кербер шықты.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш мәрте жеңімпазы Кербер қазіргі кезде 17-орында болса, Путинцева 52-сатыда еді.

Бұған дейін германиялық теннисші Юлияны екі рет ұтқан еді.

Бірінші партияны қарсыластар брейк алмасумен бастады. Содан кейін Кербер қарқынды ойнап, есепті 5:1-ге жеткізді. Путинцева брейк жасағанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 3:6. Есесіне екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Юлия брейк жасай білді. Тағы бір брейкпен өзінің геймін де алды – 5:1. Бұдан соң Анжелика есепті қысқартқанымен, қазақстандық теннисші сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Путинцева 3:0 есебімен алға кетті. Сосын матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

Тартысты өткен бәсеке барысында Юлия, әсіресе, қысқа соққылармен қарсыласын қапы қалдырып отырды.

Осылайша Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!