ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Ярослава Шведова: «Германиямен өтетін матч Қазақстан үшін аса маңызды»

Қазақстан әйелдер құрамасы 15-16 сәуірде елордада командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Германиямен шешуші кездесуін өткізеді. Қазақстандықтар жеңіске жеткен жағдайда алғаш рет аталмыш турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алатын болады. Осыған орай Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.

- Ярослава, Қазақстан құрамасының алдағы матчқа дайындығы қашан басталады?

- Біз елордада матч басталардан бір апта бұрын жиналамыз ба деп жоспарлап отырмыз. Ұлттық теннис орталығында топырақ төсеніші жасалды, онда бәрі дайын. Біз сол кортта жаттығып, шеберлігімізді ұштай түсетін боламыз.

- Кездесуге екі аптадан сәл астам уақыт қалған екен. Команданың қазіргі бабын қалай бағалар едіңіз?

- Жақсы деп айтуға болады. Жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилинаның табыстары қуантады. Жылды сәтті бастаған Елена Рыбакинаның содан кейін денсаулығы сыр бергенімен, қазір толық қалпына келді. Юлия Путинцева жуырда АҚШ-та өткен мастерс турнирлерінде өзін көрсете білді. Алда топырақ төсенішінде жарыстар өтетін болады. Оның мұндай төсенішінде тамаша ойнайтынын ескерсек, табыс та келер деп ойлаймыз. Заринаның аздап жарақаты болды, қалпына келу үстінде. Ол бірнеше додадан тыс қалғанымен, жуырда командаға қосылады.

- Қысқасы, толық құрамда дейсіз ғой?

- Иә, барлық қыздар рейтингі мен спорттық нәтижелеріне қарай іріктеліп алынды. Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилинаға қосымша Жібек Құламбаева бесінші ойыншы болмақ. Құрамаға алғаш рет шақырту алған Жібек – біздің болашағымыз. Біз оның негізгі теннисшілер қатарына қосылуын қалаймыз.

- Ал Германия құрамасы туралы не айтар едіңіз?

- Германия – аталған жарыста тұрақты өнер көрсетіп келе жатқан тәжірибелі команда, 2014 жылғы доданың финалисі. «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы Анжелика Кербердің бір өзі неге тұрады. Қарсыластарымыздың осал тұстарын дөп басып, пайдалануға тырысамыз. Жеребе алғаш рет өз елімізде ойнауға мүмкіндік берді. Соны мүлт жібермеуіміз қажет. Наурыз айының басында Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Ослода Норвегияны ұтып, финалға жолдама алды. Жігіттердің осы табысы бізді де жігерлендіріп, сәттілікке бастайды деп ойлаймыз. Жанкүйерлеріміз де қолдайды деп үміттенеміз.

- Өзіңіз қазіргі Германия құрамасының қай мүшелерімен ойнадыңыз?

- Андреа Петковичпен жас кезімізде жолымыз тоқайласты. Франкфурттағы жарыста тең ойын болды, кездесу соңында ол аяғын ауыртып алып, матчты жалғастыра алмады. Анжелика Кербермен екі рет ойнадым, есеп – 1:1. Лаура Зигемунд та оңай шағылатын жаңғақ емес.

- Біз тұңғыш рет өз алаңымызда іріктеу матчын өткіземіз. Ұтсақ, финалдық кезеңге шығамыз. Жауапкершілік жүгі жеңіл емес шығар?

- Әрине, жауапкершілікті сезінеміз, финалға шығу үшін бар күшімізді саламыз. Бұған дейін де бірнеше мүмкіндігіміз болғанымен, оны пайдалана алмадық. Кейде сәттілік жетіспеді. Мысалы, Канадамен матчта олардың құрамы онша мықты болған жоқ. Бірақ өз корттарында ойнағаннан кейін бізді ұтып кетті. Енді біз де жігерлене білсек, табыстың ауылы алыс болмас деп ойлаймын.

- Негізгі құрамнан басқа жастардың да капитанысыз. Бір мезгілде екі құрамаға басшылық ету қиын емес пе?

- Бұл біздің болашағымыз үшін керек. Жастармен маусымаралық жиын өткіздім. Келешегінен үлкен үміт күттіретін қыздар бар екен. Оларға психологиялық тұрғыдан көмек беріп, жаңа табыстарға жетелегім келеді. Өйткені ел құрамасының келешектегі мүшелері солар ғой, олар мықты теннисші ретінде қалыптасса, біз де осал болмаймыз.

- Әңгімеңізге рахмет. Германиямен матчта қазақстандық қыздарға тек сәттілік тілейміз.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!