Тараз қаласында ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХ ҚР чемпионатының плей-офф бәсекелері өз мәресіне жетті.
Жартылай финалда «Тараз» - «Есіл» (СҚО) және «Атырау» - «Буревестник» (Алматы) командалары өзара мықтыны анықтады.
Борис Гребенников жаттықтыратын тараздықтар чемпионатта көш бастап келе жатқан. Алайда жартылай финалдық матчтарда сүрініп, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Сөйтіп күтпеген жерден «Есілге» 2:3, 2:3 есебімен жол берді.
Өткен жылғы ел чемпионы «Буревестник» пен «Атырау» бәсекесі аса тартысты өтті. Бірінші ойында Александр Запеваловтың шәкірттері жеңісті жұлып алды – 3:2. Алайда екінші кездесуде Виктор Козик жаттықтыратын атыраулықтар таразы басын теңестірді – 3:0. Содан кейін үшінші, шешуші ойында «Атырау» 3:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Осылайша биыл «Атырау» мен «Есіл» бас жүлдені сарапқа салып, жаңа чемпион анықталады. «Буревестник» пен «Тараз» қола жүлде үшін алаңға шығатын болады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












