Кеше Таразда ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХ Қазақстан чемпионаты мәреге жеттi.
Биыл алтын жүлдені «Атырау» мен «Есіл» (СҚО) командалары сарапқа салды.
Виктор Козик жаттықтыратын атыраулықтар бірінші ойында «Есілді» 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Ал кеше «Атырау» чемпионға тән ойын өрнегін көрсетіп, қарсыласын 25:17, 25:17, 25:21 есебімен (3:0) ұтты.
Осылайша атыраулықтар чемпиондық тұғырға көтерілсе, солтүстікқазақстандықтар күміс жүлдені қанағат тұтты.
Үшінші орын үшін бәсекеде «Таразды» жолдан тайдырған өткен жылғы ел чемпионы Алматының «Буревестнигі» қола жүлдегер атанды. Біріншілікте көш бастаған тараздықтар шешуші ойындарда білгенінен жаңылып, жүлдесіз қалды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.