ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тараз» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

Вардан Минасян «Тараз» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Тараздың» жаңа бапкері УЕФА PRO лизенциясын алған тәжірибелі маман. Ол бұған дейін Армения ұлттық құрамасын және сол елдері бірнеше клубтармен жұмыс жасаған. Бұл оның Қазақстанға бірінші келуі емес, бұған дейін қостанайлық «Тобылды» жаттықтырып үлгерген.

Армения ұлттық құрамасымен біраз жетістіктерге жеткен. Еуро-2012 іріктеу турнирінде Словакияны екі рет жеңіп, Македонияны өз алаңында ұтып, Ресеймен тең ойнау арқылы өз тобында үшінші орынды иеленді.

2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде топта 5 орында тұрақтады. Қонақта Дания мен Чехияны тізе бүктіріп, Болгарияны өз алаңдарында ұтып, Италиямен тең ойнады.

Осылайша, Минасянның келуімен Армения құрамасы ФИФА рейтингінде 103 орыннан 34 орынға көтерілді.

Клубтық деңгейде де армян маманы керемет нәтижелер көрсеткен. Ел біріншілігін «Пюникпен» төрт рет, «Арарат-Армения» клубымен екі рет жеңген. Соның арқасында бес мәрте Арменияның үздік бапкері атағын иемденген.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!