ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Талғат Байсуфинов «Тұранның» бас бапкері атануы мүмкін

53 жастағы қазақстандық маман Талғат Байсуфинов түркістандық «Тұранның» бас бапкері атануы мүмкін.

Айта кетейік, Владимир Газзаев «Тұраннан» кеткелі бері команданы Қуаныш Қабдолов жаттықтыруда. Ресейлік маманның жетекшілігімен өткен 3 матчта «Тұран» бірде-бір гол соқпай, бір ғана ұпай еншіледі.

Қазір түркістандық клубтың басшылығы жаңа бас бапкер іздестіруде. Бұл қызметке басты үміткерлердің бірі – Талғат Байсуфинов. 53 жастағы маман ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан ұлттық құрамасынан кеткен болатын.

Талғат Маруаұлы Қазақстан құрамасын екі рет: 2016 жылы және 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылға дейін баптады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2016 және 2022 жылдардағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысты. Қазақстан екі іріктеуді де өз тобында соңғы орынға ие болды. Бірақ Польшамен (2:2), Украинамен (2:2), Босния және Герцеговинамен (2:2) тең ойнады.

Байсуфинов бұған дейін «Есіл-Богатырь», «Ақсу», «Ертіс», «Ақжайық» футбол клубтарында қызмет етті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!