ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Стас Покатилов ресми түрде «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Стас Покатилов «Ақтөбе» ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізде болса, 29 жастағы қақпашы 2015 жылы «Ақтөбе» құрамында сәтті өнер көрсетіп, командамен бірге чемпионаттың қола жүлдесін иемденген еді. Сол уақытта Покатилов ҚПЛ-да 32 матч өткізіп, 25 мәрте қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болды. Есесіне, 14 ойында өз қақпасына гол жібермеді.

«Ақтөбеден» Стас ресейлік «Ростов» сапына ауысып, көршілес елдің Премьер-лигасында вице-чемпион атағын жеңіп алған болатын.

Покатилов 2016 жылдың шілдесінен бері «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Ол алматылық клуб жейдесінде 159 матч өткізіп, 150 гол жіберіп алған. 32 ойында команданы капитан ретінде алаңға бастап шықты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!