Щеткиннің қос голы «Роторды» «Ақтөбеден» жеңілуден сақтап қалды

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында қазақстандық «Ақтөбе» клубы ресейлік «Ротор» клубына 2:1 есебімен есе жіберді.

«Ақтөбе» алғашқы таймда Виталий Балашевтің голының көмегімен есепте алға шыққанымен, екінші таймда ойынға қосылған «Ротордың» қазақстандық шабуылшысы Алексей Щеткин дубль жасап, ресейлік клубты жеңілістен сақтап қалды.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» ОЖЖ-дағы бірінші ойында мәскеулік «Динамомен» тең (2:2) түскен еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!