Серікжан Мужиков ұлттық құрамаға келмейді 

25 тамыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын бастайды. Сол жиынға шақырту алған Серікжан аяғындағы жарақатына байланысты келмейді екен.

«Жилинаға» қарсы матчта алаңға алмасып шыққан Серікжан тура сол 25-тамыз күні аяғына ота жасатпақшы. Енді оның орнына бас бапкер Талғат Байсуфинов басқа бір ойыншыны шақыруы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларымен күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!