Сауль Альварес қазақстандық боксшылардың күшіне тәнті болды

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшылардың күшіне тәнті екенін айтып, Қазақстанға сапар шегуді ойлайтынын жеткізді.

«Қазақстанда өте мықты боксшылар бар. Бірнеше апта бұрын жаттығу лагерімізге Қазақстаннан боксшылар келді. Өте мықты боксшылар. Осындай жігіттері бар Қазақстанды құттықтағым келеді. Алдағы таяу уақытта сіздердің елдеріңізге міндетті түрде барғым келеді», - деді мексикалық чемпион.

Айта кетейік, Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының боксшылары Сан-Диего қаласындағы (Калифорния штаты) «Канело» залында бірнеше апта жаттықты.

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы абсолютті чемпион Альвареспен бір айдан астам уақыт спаррингтер өткізді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!