ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Ресми: Қуат Хамитов спорттық мансабын аяқтады

Қазақстандық MMA шебері Қуат Хамитов бостандыққа шыққаннан кейін Instagram желісінде видеоүндеу жариялады.

Хамитов құқық қорғау органдары өкілдерінің әрекеті мен оған деген қатыгездігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Видеоның соңында спортшы мансабын аяқтайтынын хабарлады.

– Мен тағы бес жыл өнер көрсетуді, елдің абыройын асқақтатуды жоспарладым... Бірақ, бұл жағдайдың барлығы құқық қорғау органдарының қатысуынсыз өтпегендіктен, мансабымды аяқтауды ұйғардым. Мен спорттық мансабымды ресми түрде аяқтаймын. Мен үшін өмірімнің жаңа тарауы басталды», – деді Хамитов.

Естеріңізге сала кетейік, 33 жастағы Хамитов кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, 22-де жеңіске жеткен, ал қалған жетеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!