ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Реал Мадрид» «Челсиден», ал «Вильярреал» «Бавариядан» басым түсті

Бүгін, 7 сәуірде УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында «Челси» мен «Реал Мадрид» арасындағы алғашқы матч өтіп, 3:1 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталды.

21-минутта Карим Бензема Винисиустың пасынан кейін есеп ашты. 3 минуттан кейін француз шабуылшысы дубль жасады. Бірінші таймның аяқталуына 5 минут қалғанда Кай Хаверц есеп айырмасын қысқартты. Ал екінші тайм басталған тұста Карим Бензема хет-трик авторы атанды және матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Ширек финалдың қарымта ойыны 12 сәуірде Мадридтегі (Испания) «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.

Ал параллель өткен матчта «Вильярреал» «Баварияны» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалғыз гол бірінші таймның басында соғылды. 8-минутта шабуылшы Арно Груневельд Даниэль Парехоның пасын өз пайдасына жаратты.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 12 сәуірде Мюнхендегі (Германия) «Альянц Аренада» өтеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!