ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ойыншылар жеткіліксіз». Благоевич ОЖЖ, жаңа ойыншылар және қазіргі құрам туралы

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны, құрамның жасақталуы және жаңа ойыншылар туралы пікір білдірді.

«Оқу-жаттығу жиыны басталғаннан бері он күннен астам уақыт өтті. Бір-бірімізбен таныстық. Іс жүзінде жаңа команда құрып жатқанымызды бәрі біледі. Тіпті, жаттықтырушылар штабы да алғаш рет бірге жұмыс істейді. Біздің бірінші міндетіміз — танысып, жаттықтырушылар штабы ретінде әр ойыншыдан нені қалайтынымызды түсіндіру. Ұжымдық рухты мүмкіндігінше тезірек құру керек. Бұл осы кезеңде біздің алдымызда тұрған басты міндеттер.

Бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұр, бәрін нөлден бастадық. Күн сайын жаңа ойыншыларды таңдау тұрғысынан жұмыс істеудеміз. Ақырындап алға жылжудамыз. Өздеріңіз білетіндей, біз бірнеше ойыншыны қатарға қостық және осы жұмысқа қуаныштымыз, бірақ одан да көп жаңадан келетін футболшыларды күтеміз. Әрине, мүмкіндігімізге қарай жақсы ойыншылар таңдау керек. Қазір бізбен бірге алаңда жүрген жігіттер барынша тырысуда. Мен оларды осы үшін мақтай аламын, оң әсер қалдырды.

Дәл қазір бізде жаттығу процесінде ойыншылар жеткіліксіз деп айта аламын. Көптеген позициялар нақты атамаймын, күшейтуді қажет етеді. Бізде белгілі жоспарлар мен идеялар бар. Трансферлік терезенің соңында құрамға риза боламыз деп үміттенемін және сенімдімін», — деді Благоевич мырза,

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!