ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Отандық гимнасттар әлем кубогінде екі медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Катар астанасы Дохада өткен әлем кубогі кезеңі қазақстандық спортшылар үшін сәтті аяқталды. Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядынан алтын алса, Милад Карими қоссырықтағы жаттығудан күміс иеленді. Осы орайда, команда бас бапкері мен спортшылар турнирге өз бағасын берді, деп жазады Olympic.kz.

Александр Ким өз шәкірттерінің Дохадағы көрсеткішін жоғары бағалады.

«Нариманның финалдағы өнері көңілімнен шықты. Котбуста ол іріктеуде 15.250 ұпай жинап, ақтық сында құлап қалған еді. Осылайша, жүлдеден тыс қалған. Дохада Курбанов іріктеу кезінде екінші орын иеленіп, финалда комбинациясын таза орындап шықты. Иә, жүлдеге талас жолында жаттығуға кішігірім өзгертулер енгізді. Мәселен, қиын элементтердің бірін алмастырып, өзі ғана орындайтын элементті 0,1 ұпайға жеңілдетті.  Финалда Нариманның жаттығуы қиындығы жөнінен 6,3 ұпайды құрады. Ақтық сында Курбановқа бақталас болатын жалғыз спортшы – ирландиялық МакКлахан еді. Бірақ ирландиялық гимнаст финалда өз комбинациясының құнын 6.1 ұпайға түсірді. Қола жүлде алған армениялық Мердинянның бағдарламасы қиындығы жөнінен 6.0 ұпайға тең болды. Мұнымен тоқтауға болмайды. Нағыз тартыс әлі алда. Каир мен Бакудегі әлем кубогі кезеңінде спортшылар барын салуы тиіс. Барша қазақстандық жанкүйерлерді екі спортшымыздың жүлделі болуымен құттықтаймын», - дейді бас бапкер.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!