ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Оқжетпес» клубы алғашқы трансферін жасады

28 жастағы ресейлік қақпашы Вячеслав Граб пен 31 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченко «Оқжетпеске» ауысты, деп хабарлайды көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі.

Вячеслав Граб - Юрий Коноплев атындағы футбол академиясының (Толятти) түлегі. Ол кәсіпқой мансабын 2017 жылы «Тюмень» клубында бастады. «Оқжетпеске» ауысқанға дейін «Чайка», «Велес» сынды ресейлік командаларда ойнаған.

Драченко мансабын Украинада бастады. Ол «Олимпик», «Черноморец», «Звезда» сияқты клубтарда өнер көрсеткен. 2018 жылдың шілде айында «Қызыл-Жар» ойыншысы атанды. Содан бері ол петропавлдық клуб сапында 57 матч өткізіп, 5 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!