Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Испанияда өтіп жатқан Andalucia Open ATP Challenger 125 турнирі жұптық сынының ширек финалынан сүрінбей өтті.
Недовесов пен пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши 1 сағат 18 минутқа жалғасқан кездесуде үш эйс жасап, екі мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған сегіз брейкпойнттың үшеуін іске асырды.
Александр Недовесов / Айсам-уль-Хак Куреши (Қазақстан / Пәкістан) — Пабло Андухар / Станислас Вавринка (Испания / Швейцария) — 2:0 (6:1, 7:6 (7:1)
Недовесов пен Куреши жартылай финалда Жебавы / Освальд – Мара / Скупски кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.











