ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Надаль Australian Open-де ғаламат камбэк жасап, тарихи рекорд орнатты

Әлемнің бесінші ракеткасы Рафаэль Надаль Australian Open финалында жаһанның екінші нөмірлі теннисшісі Даниил Медведевті жеңді.

Надаль Уимблдоннан 2007-ден бері алғаш рет 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасады.

Рафаэль Надаль (Испания) — Даниил Медведев (Ресей) — 3:2 (2:6, 6:7 (5:7), 6:4, 6:4, 7:5).

Бұл Рафаның Australian Open-дегі екінші титулы. Осыған дейін 2009 жылы Мельбурнде бірінші рет жеңіске жеткен еді.

Сонымен қатар Надаль мансабындағы 21-ші «Үлкен дулыға» санатына жататын турнирде топ жарды. Осылайша Роджер Федерер мен Новак Джоковичті басып озып, титулдар саны бойынша рекорд жасады.

Жалпы, испаниялық теннисші мансабындағы 90-шы титулын жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша оны тек Иван Лендл (94), Федерер (103) және Джимми Коннорс (109) озып тұр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!