ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Нөсербаев Исламханның допинг дауы жайлы тілге тиек етті

Қазақстандық футболшы Таңат Нөсербаев журналист Нұрсұлтан Құрманның ютуб-арнасында ұлттық құрама ойыншысы Бауыржан Исламханның допинг дауы жайлы сұраққа жауап берді:

«Бұл жерде айтылмайтын дүние, бірақ мен ол баланы жақсы жағынан білемін. Өзіміздің ініміз. Футболдан қазақтың бетке ұстар батырларының бірі. Оны барлық жерде қорғауға дайынмын. Оның қатысы жоқ. Бұл жерде үлкен бір «ойын» болған», – деп өз ойымен бөлісті Нөсербаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Әл-Айн» клубының ойыншысы Бауыржан Исламхан допинг қолданды деген айыппен екі жылға футболдан шеттетілген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!