ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

ММА-дан әлем чемпионаты: Алғашқы күні 6 қазақстандық спортшының бесеуі жеңіске жетті

24 қаңтарда Абу-Дабиде ММА-дан әлем чемпионаты басталды. Оған 56 елден 421 спортшы қатысуда. Жарыстар 18-21 жас (жастар) және 21+ (ересектер) жас санаттарында өткізіледі, деп хабарлайды Қазақстанның біріккен ММА федерациясының баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күнінде 6 қазақстандық спортшы күш сынады. Оның бесеуі жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Сегізбұрышқа бірінші болып жастар (18-21 жас) арасында 61,2 келіге дейінгі салмақта шымкенттік Иманғали Әбдіқайым шықты. Мексикалық Хорхе Кобоспен өткен жекпе-жекте Иманғали үш раунд бойына айқын басымдық танытып, бірауыздан жеңіске жетті.

77,1 келіге дейінгі жартылай орта салмақта өнер көрсеткен ақмолалық Богдан Пшебельский бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен аяқтаған үндістандық қарсыласы Сиед Абдул Назер Ибрахимге бірде-бір мүмкіндік қалдырған жоқ.

Тағы бір шымкенттік спортшы Бекзат Жасия (65,8 келіге дейін) австриялық Анас Хамдауимен үш раунд өткізді. Төрешілер бірауыз шешімімен жеңісті қазақстандыққа берді.

Орта салмақтағы Алматы облысының өкілі Санжар Жақсылықбаев (83,9 келіге дейін) табанды белдесуде тәжікстандық Халид Толибзодадан жеңіліп қалды.

Қостанай облысының спортшысы Вахид Тимербиев (93 келіге дейін) Сауд Арабиясының жауынгері Фахад Алқахтагиге қарсы кимураны ауырту әдісімен жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, халықаралық жарыстарда жарқын дебют жасады.

Еске салайық, Қазақстан атынан 29 салмақ дәрежесі бойынша 42 спортшы қатысып жатыр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!