Лионель Мессидің каталондық «Барселонамен» 2017 жылда қол қойған келісімшартына байланысты қанша салық төлейтіні белгілі болды.
Түнеугүні El Mundo Месси «Барселонамен» жасаған келісімшарты бойынша төрт жылда 555 237 619 миллион еуро қаражат табады, деп дүйім жұртқа жар салған еді.
Ал енді каталондық El Periódico de Catalunya газеті Мессидің қанша салық төлейтін мәлімдеді. Дереккөзге сенсек, 2017 жылдан есептегенде Лионель кемі 370 миллион еуро салық төлейді екен. Оның 275 миллион еуросы тиісті, негізгі салықтар. Одан бөлек Месси имиджтік құқығы (салықтың 15%-ы) мен жарнамалық келісімшарттар үшін де салық төлейді.
Месси белгіленген жалақысын толықтай алмағандықтан, салықтың қалған мөлшерін маусым соңында өтейді. Оған Испанияда ең көп салық мөлшері салынады. Лео жылына шамамен 70 миллион еуро салық төлейді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












