ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

Кеше, 13 сәуірде Мадридтегі (Испания) «Ванда Метрополитано» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы жауапты ойында «Атлетико» «Манчестер Ситиді» қабылдады. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймның қосымша уақытында төреші мадридтік клубтың қорғаушысы Фелипені алаңнан қуды.

Еске салайық, алғашқы ойында «Манчестер Сити» «Атлетико Мадридті» 1:0 есебімен жеңген болатын. Жалғыз әрі жеңісті голды Кевин Де Брюйне өз атына жазды.

Жартылай финалда Пеп Гвардиола шәкірттері «Реал Мадридпен» күш сынасады. Қос команда арасындағы алғашқы матч 26 сәуірде, ал жауапты ойын 4 мамырда өтеді.

Параллель өткен ойында «Ливерпуль» мен «Бенфика» командалары кездесті. «Энфилд» стадионында өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 21-минутында Ибраим Конате есеп ашты. Одан кейін қонақтар Гонкало Рамостың арқасында таразы басын теңңстірді. Екінші таймда Роберто Фирмино қос бірдей гол соқты. Бірақ Роман Яремчук пен Дарвин Нуньес мергендік танытып, командасын жеңілістен сақтап қалды.

Естеріңізде болса, бірінші ойында Юрген Клопп шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Мерсисайдтық клуб жартылай финалда Вильярреалмен шеберлік байқасады. Алғашқы матч 27 сәуірде өтсе, жауапты кездесу 3 мамырға жоспарланған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!