ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Манчестер Сити» «Атлетиконы» минималды есеппен жеңді, ал «Ливерпуль» «Бенфикадан» басым түсті

Бүгін, 6 сәуірде УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Манчестер Сити» мен «Атлетико» арасындағы алғашқы матч өтті. Манчестердегі «Этихад» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

«Қалалықтардың» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне 70-минутта Филипп Фоденнің тамаша пасынан кейін жеңісті голды соқты және матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Ширек финалдағы қарымта ойын 13 сәуірде Мадридтегі (Испания) «Ванда Метрополитано» стадионында өтеді.

Ал параллель өткен ойында «Бенфика» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдады. Лиссабондағы (Португалия) «Да Луш» стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен англиялық клубтың пайдасына шешілді.

17-минутта «Ливерпульдің» қорғаушысы Ибраима Конате командасын алға шығарды. 34-минутта Садио Мане есепті еселеді. 49-минутта «Бенфика» шабуылшысы Дарвин Нуньес көзге түсіп, жанкүйерлерін қуантты. Кездесу соңында «Ливерпуль» шабуылшысы Луис Диас мерсисайдтықтардың үшінші голын соғып, ойын нүктесін қойды. Колумбиялық шабуылшы матчтың үздік ойыншысы деген атаққа ие болды.

Қос команда арасындағы жауапты ойын 13 сәуірде Ливерпульдегі (Англия) «Энфилд» стадионында өтеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!