Қазақстандық балуан Мақсат Ерeжепов грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ұлан-баторда өтіп жатқан құрлықтық доданың финалында ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, атақты қырғызстандық балуан Ақжол Махмұдовпен белдесті. Ақтық кезеңде қазақстандық спортшы 3:1 есебімен қарсыласынан жеңіліп қалды.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы үшінші күмісі. Бұған дейін Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мирамбек Айнағұлов (63 келі) ел қоржынына қос күмісті салған болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












