Ломакин Колумбиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық Григорий Ломакин украиналық Олег Приходькомен бірге Перейрадағы (Колумбия) ATP Challenger Tour турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атана алмады.

Финалдық кездесуде Қазақстан-Украина дуэті екі сетте венесуэлалық Луис Давид Мартинес пен колумбиялық Кристиан Родригеске есе жіберді - 6:7 (2), 6:7 (3).

Матч 1 сағат 35 минутқа созылды. Ломакин-Приходько дуэті ойын барысында 2 мәрте эйс жасап, 2 рет қос қателікке жол берді және 9 брейктің үшеуін пайдалана білді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!