ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Куман: «Суарес «Атлетикоға» емес «Ювентуске» ауысқанда жақсы болар еді»

Каталондық «Барселонаның» бас бапкері Рональд Куман Луис Суарестің мадридтік «Атлетикоға» ауысқаны жөнінде өз ойын ортаға салды:

«Бұл жұмыстың бір бөлігі. Мен «Барселонаға» келгенде, біздің осы жөнінде ойымыз болды. Кейін біз сол шешімді қабылдадық.

Әрине, Суарестің «Атлетикоға» емес «Ювентуске» ауысқаны жақсы болар еді. Өйткені ол әлі Испания чемпионатында жүр ғой. Ойыншыға деген құрметімізден осы қиын қадамға бардық және бұл шешіміміз дұрыс деп ойлаймын», – деп келтіреді Куманның сөзін The Athletic.

Суарес Ла Лиганың ағымдағы маусымында 14 гол соғып, Лионель Мессиді екі голға (12) озып, сұрмергендер тізімінің көшін бастап келеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!