Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын 17 сәуірде бастайды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 17 сәуірде әлем чемпионатына дайындығын бастайды.

Оқу-жаттығу жиыны елордада өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, биыл жаһандық дода 85 мәрте жалауын көтереді.

Ол 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында болады.

Қазақстандық маман Юрий Михайлис жетекшілік ететін құрама топ-дивизионда А тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Франция және Италия құрамалары.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!