ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Каспий» футбол клубы маусымды жаңа логотиппен бастайды

«Каспий» футбол клубы маусымды жаңа логотиппен бастайды

Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын «Каспий» футбол клубы логотипін жаңартты.

Бұл туралы клубтың инстаграм парақшасында жарияланды. Ескі эмблемада доп пен түйе бейнеленсе, оның жаңартылған нұсқасы мүлде қарапайым және заманауи көрінеді.

Қалқанның ортасына үлкен етіп көрсетілген шамшырақ бейнесі, дизайнердің айтуынша, клубты жаңа жетістіктерге жету жолында адастырмай, қателестірмей сәттілікке ырымдап, жеңіс жолына жетелейді деген ниетте салынған.

Көк түс теңіздің, ал қара түс мұнайдың түсі, яғни жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен құндылықтарына негізделген.

Мұнайлы өлкенің намысын қорғаған кезіндегі «Мұнайшы» командасының теңіз жағасынан орын тепкен баяғы алаңын қайта жөндеу ісі мен клуб базасын салу күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі екенін клуб басшылары Ермұхамед Мәуленге берген сұхбатында айтқан болатын. Алдағы уақытта Ақтау қаласының намысын қорғайтын команданың маусымда жанкүйерлерге жағымды эмоциялар мен жарқын жеңістер сыйлайтынына сеніміміз мол.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!