Карпович беларусьтік «қасқырлардан» кетіп, қазақстандық «қасқырлардың» қаралымына қосылды

Қызылордалық «Қайсар» клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Беларусь құрамасының ойыншысы қаралымда жүр.

26 жастағы қорғаушы Сергей Карпович «Қайсармен» Түркияда жаттығу үстінде. Тіпті бір ойынға қатысып та үлгерді. Ол украиналық «Десна» клубына қарсы өткен жеңісті (1:0) кездесуде «Қайсардың» жеңісіне үлес қосқан ойыншылардың бірі.

Сергей өткен маусымды беларусьтік «Ислочь» сапында өткізіп, 27 ойынға қатысып, бір мәрте қақпа торын тулатқан. «Ислочь» клубы да көпке «қасқырлар» деген лақапатпен белгілі. 2020 жылдың ақпанынан бері Беларусь құрамасына шақырту алып жүр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!