ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Көңілімнен шықса». Сәкен Бибосынов қандай жағдайда Хасанбой Дусматовпен қайта жұдырықтасатынын айтты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматовқа жауап беріп, қандай жағдайда Дусматовпен қайта бокстасатынын айтты, деп жазады ҚБФ баспасөз қызметі.

— Сәкен, Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматов бір сұқбатында сізбен қайта жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бірақ қашан, қайда кездесетінін айтпады. Хасанбоймен жекпе-жек өткізуге қарсы емессіз бе?

— Хасанбой Дусматов – Рио Олимпиадасының жеңімпазы, Вэль Баркер кубогінің иегері. Былтыр Сербияда өткен әлем біріншілігінде Хасанбоймен кездесіп, жеңіске жеттім. Ол бір сұқбатында менімен жұдырықтасқысы келетінін журналистерге айтқан екен. Әрине, екінші рет кездесуге қарсы емеспін. Екі тарап келісімге келіп жатса, әрине, жұдырықтасамын. Қай салмақ болса да келісім беремін. Мен қазір кәсіпқойда емеспін.

Дусматовтың промоутер-менеджері бар. Ал менің менеджерім жоқ. Ол үшін промоутерлік компанияның басшылары мені шақырып: «Дусматовпен жұдыртасқың келе ме?» деп жатса, қуана келісемін. Ұйымдастыру тарапы күнін, уақытын белгілеп жатса, жұдырықтасамыз. Сосын гонорары аз болмауы керек. Менің де жетістіктерім баршылық. Азия мен әлем біріншілігінің және Олимпиаданың қоласын алдым, дүниежүзінің чемпионы атанып, аз ақшаға бола бокстасқым келмейді. Егер ұсыныстары көңілімнен шықса, жұдырықтасуға дайынмын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!