ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздары Иранға есе жіберді

Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Құрлықтық додада барлығы бес құрама сынға түсуде. Олардың қатарында Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан және Сирия құрамалары бар.

Қазақстандық гандболшылар алғашқы кездесуінде Иранға 19:20 есебімен жол беріп қойды.

Енді қыздар үш ойын өткізеді. Алдымен 22 наурызда Сириямен шеберлік байқасса, одан кейін 23 наурызда Үндістан, 25 наурызда Өзбекстанмен тартысқа түседі.

Алғашқы екі ойыннан кейін төрт ұпаймен Иран көш бастаса, Өзбекстан екі ұпаймен екінші орында тұр. Бір ойыннан кейін Қазақстан мен Үндістанның, әзірге ешқандай ойын өткізбеген Сирияның еншісінде ұпай жоқ.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!