ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*
Новый казахстанский букмекер

Фристайл-могулдан спортшыларымыз жүлдегерлер қатарына қосыла алмады

Дир Вэллиде (АҚШ) фристайл-могулдан ерлер және әйелдер арасындағы Әлем кубогі мәресіне жетті.

Финалға жолдама алған қос спортшымыз Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева өкінішке орай жүлдегерлер қатарына қосыла алмады.

Рейхерд жаттығу орындау барысында қателік жіберіп, 74,19 ұпай еншілеп, алтыншы орынды қанағат тұтты. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери 88,10 ұпаймен алтыннан алқа тағынды.

Галышева секіру элементтерінің бірінде қателік жіберіп, 77,31 ие болып, турнирді бесінші орынмен аяқтады. Әйелдер арасында франциялық Перрин Лаффон 83,23 ұпаймен топ жарды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!