Францияның сегіз дүркін чемпионы бас бапкерсіз қалды

«Монако» бас бапкер Нико Ковачты қызметінен босатты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Бас бапкердің міндетін уақытша Стефан Надо атқарады.

50 жастағы маман «Монакоға» 2020 жылдың жазында бас бапкер болып тағайындалған еді. Ковач «Монако» тізгінінде 74 кездесу өткізіп, 43-інде жеңіске жетсе, 16-сында жеңіліп, 15-інде тең түскен.

«Монако» Франция чемпионатының 19 турынан кейін 29 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!