Елена Рыбакина Германиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (19) Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан Porsche Tennis Grand Prix WTA 500 турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

Рыбакина 2 сағат 3 минутқа жалғасқан кездесуде үш эйс жасап, төрт мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған тоғыз брейкпойнттың үшеуін іске асырып, германиялық Настасья-Мариана Шункты (224) тізе бүктірді.

Елена Рыбакина (Қазақстан) — Настасья-Мариана Шунк (Германия) — 2:0 (7:6 (7:3), 7:5)

Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/8 финалда испаниялық Паула Бадоса Хибертпен (3) күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!