Елена Рыбакина Қазақстан – Германия матчында есепті 2:0-ге жеткізді

Елордада Билли Джин Кинг кубогы аясында өтіп жатқан Қазақстан – Германия матчында Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Е.Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 232-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.

Рыбакина 22 жаста болса, германиялық теннисші 34-те. Осыған дейін қарсыластар үш мәрте кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді.

Бұл жолы Рыбакина бірінші партияда Л.Зигемундқа бірде-бір гейм бермей, 22 минутта 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Елена таразы басын таразы басын сол бойда теңестіріп қана қоймай, есепті 5:1-ге жеткізді.

Сосын матчқа доп бергенде қарқынын бәсеңдеткен жоқ - 6:1.

Осылайша, есеп – 2:0, Қазақстанның пайдасында.

Қазақстан – Германия матчы ертең жалғасады. Қазақстандықтарға қалған кездесулерде бір ұпай алса, жетіп жатыр. Өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!