ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Елдос Сметов Grand Slam турниріндегі сәтсіздігіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Израильде өтіп жатқан Grand Slam турниріндегі сәтісіздігіне қатысты пікір білдіріп, жастарға сәттілік тіледі.

Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Кешелі бері қолдау білдіріп, жылы лебіздеріңізді арнап жатқандарыңызға көп рахмет! Мен сіздердің, жанкүйерлердің қолдауын әрқашан сезінемін. Және сіздердің алдарыңыздағы жауапкершіліктің қандай екенін білемін.

Жаңа маусымда жаңа салмаққа ауыстым. Кеше биылғы алғашқы жарысым мен үшін сәтсіз болғанымен, өзіме айтарлықтай сабақ болды. Келесі жарыста бұдан да мықты болып ораламыз. Қателікті әрдайым мойындаймыз және онымен жұмыс істеуді тоқтатпаймыз. Кешегі жеңіліс, іс-әрекет бізді шыңдай түспесе, сындырмайды.

Інілерім Бауыржан мен Мағжанды жеңіс тұғырынан көргеніме қуаныштымын. Бір емес, екі бауырымыз, ізбасарымыз Қазақ елін қуанышқа бөледі. Үлкен спортта жолдарың ашық болғай!», – деп жазды инстаграм парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!