Ел чемпиондары қатарынан үшінші ойында жеңіліс тапты

Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында украиналық «Александрия» клубына 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.

Оңтүстік астаналықтар сапынан Андрей Ульшин 87 минутта көзге түсті.

«Қайраттың» құрамы: Жомарт, Кейлер, Әліп, Широбоков, Астанов, Ульшин, Үсенов, Буранчиев, Кенжебек, Шушеначев, Эсеола

Естеріңізге сала кетсек, алматылықтар осыған дейін екі кездесу өткізіп, мәскеулік «Динамодан» 0:2 есебімен жеңілсе, самаралық «Крылья Советовтан» 2:3 есебімен сан соққан еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!